Оңалбай Аяшев: Оқушылар жүктемесінің төмендетілетіні ұстаздар мен ата-аналарды қуантты Барлық құқықтар қорғалған.

21.02.19

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -   Тарихи мүмкіндіктер мен сынақты сәттерден тұратын төртінші өнеркісіптік революция дәуірінде жарияланған Елбасы Жолдауы - жетістікке жету кілті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшевтың пікірінше  айқындалған міндеттерді орындауда әрбір қазақстандық ынта-ықыласымен, жүрегімен атсалысуы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Жолдауда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруда басымдыққа ие он міндет берілген. Ғалымның сөзінше білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу - күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе. Әлемдік білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге бейімділік, жаңа білімді меңгеруге деген қабілеттілік - адами капиталды жаңғырту көзі. «Ұстаздар мен ата-аналарды қуантқаны - оқушылардың жүктемесінің төмендетілетіні. Мемлекеттік тілмен бірге орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру міндеттеліп отыр. Бұл - уақыт талабы. Елбасы тарапынан, мемлекет тұрғысынан жасалып жатқан қамқорлықты айтпай кетуге болмайды. Жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітілу қажеттігі де өте орынды»,- дейді Оңалбай Аяшев. Профессордың пікірінше Елбасы атап өткен «өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар идеалдар» тәрбиелеуде еліміздегі жоғары оқу орындары  өзгелермен бәсекелесе алуы тиіс. «Мемлекет басшысының мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсыруы, ұлттық біліктіліктің тест арқылы жүргізілетіні - әріптестеріме үлкен жауапкершілік жүктейтін болады. Және олардың жалақысы да сол біліктіліктің расталуына байланысты өсетіні мұғалімдер арасында бәсекелестікті арттырмақ», - дейді ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, ОҚО мәслихатының депутаты.