Тәрбие жұмыстары

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кафедра жанынан ашылған С.Ерубаев атындағы «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігі және филология факультетінің ұйымдастыруымен 14.12.2018 ж. күні сағат 15:00-де «Алты Алаштың Бекарысы» тақырыбында  ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековпен шығармашылық кездесу кеші өтсе,  25.12.2018 ж. күні сағат 15:00-де «Ақ түтек шабыт» тақырыбында халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Үздік адамдар энциклопедиясының батыры» атты  құрмет белгісінің иегері, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының 10 томдық шығармалар жинағының тұсаукесеріне арналған әдеби кеші өтті. Айтыскер ақындармен жүздесу сәті естен кетпес рухани кешке айналды. Бейресми сұхбаттар, ашық пікір алыстар орнады. Айтыскер ақын Маржан Есжанова, Айнұр Тұрсынбаева, режиссер Мақсат Айтжанов қонақта болып, тыңдарман ордасын жайландырды. Кештің жүргізушісі факультет деканы Анар Жаппарқұллова да шабытты толғаныста тартымды да тағылымды сөздер айтып, Б.Шойбековтың әр айтысына тоқталып, талдау жасады. Белсенді студенттер кеш кейіпкері Б.Шойбековтың айтыстарынан үзіндіні жатқа орындап жатса, әншілеріміз автор сөзіне жазылған әндер шырқады. Арасы бір аптадан ұзамай Хан апамен кездесу кеші де шығармашыл ортаны тағы да қуантты. Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р. Әбдірахымов мырзаның арнайы құттықтауын әкімнің бірінші орынбасары Қ.Ы.Нұртай табыстады. Қонақта болған қайраткер, ел мақтаныштары молынан жиналды. Атап өтер болсақ, олар: Константин Симонов атындағы халық­аралық сыйлықтың иегері Н.Бегалиев, медицина ғылымдарының докторы И.Байдәулет, қоғам қайраткері, түлегіміз С.Барахова, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов,  т.б. қалалық бас дәрігерлер, прокуратура қызметкерлері. Кешті оқу орнымыздың ректоры,  п.ғ.д., профессор Оңалбай Аяшев жүргізді. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, белгілі ақын Қабылбек Төретаев, заңгер, меценант, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бекет Тұрғараев және оқу орнымыздың оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Б.Қ.Исабек мен филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент А.А. Жаппарқұлова  кеш кейіпркері Хан апаның шығармашылығынан баяндама оқып, арнау өлеңдерімен шашу шашты. Автордың әндері (Музыкалық білім мамандығының магистранты Ж.Ерсінбек «Нұрикамал», «Алтынай», ҚР Мәдениет қайреткері Х.Шалабаева «Дос іздедім») орындалып, ақын шығармашылығынан өлеңдер, танымал тұлғалардың арнаулары оқылды. 

     

 

14.11.2018ж. күні қалалық ғылыми-әмбебап «Отырар» кітапханасында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында айтыскер ақын Әселхан Қалыбековамен кездесу кеші өтті. Кешке «Сыр сандық» бірлестігінің мүшелері жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ақынға арналған арнау өлеңдерін оқып, ақын шығармашылығына тереңдей түсті. Әселхан апамыздың туындыларын жүрегімен қабылдап, жүрекке жеткізуші студенттер композициялық жыр шумақтарын жатқа айтып берді. Олар: Пердебай Ералы 117-28 о.т., Уалихан Бекжан 117-28 о.т., Пазыл Санат 117-27 о.т., Қалжан Әселхан 205-18 о.т., Асильбек Ақнұр 205-18 о.т., Тұрсынбай Мақсат 121-18 о.т., Сайлау Хадиша 117-26 о.т. 

   

 

15.10.2018ж. күні сағат 11.00-де қазақы өлеңді өмірінің мәні еткен көрнекті ақын, Константин Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлының туылғанынына 75 жас құрметіне арналған  «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Нармахан - поэзияның Сүгірі» тақырыбында әдеби кеш өтті. Жүздесуге қаламгердің әріптестері мен шығармашылық қауым қатысты. Нармахан ағаның ақындығына тәнті болған «Сыр сандық» бірлестігінің мүшелері (Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері) шығармашылығынан композициялық өлеңдер оқыды. Олар: Омар Бақыт, Уалихан Бекжан, Султамуратова Гулнұр, Арын Айсұлу, Пернебекова Әйкерім, Пазыл Санат, Махашов Бақжан.

   

Тәрбие жұмысына жауапты: кабинет меңгерушісі Маликова Ақерке Әділханқызы

Кафедрада тәрбие жұмысы институт және факультет жоспарлары негізінде және бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Онда әртүрлі үлгідегі тәрбие жұмысының бағыттары қарастырылған. Атап айтар болсақ:

  • Таныстыру-ұйымдастыру мәселелері;
  • Салтанатты іс шаралар;
  • Дөңгелек үстелдер;
  • Ғылыми-семинарлар;
  • Тақырыптық конференциялар;
  • Мақалалар мен плакаттар конкурстары;
  • Олимпиадалар;
  • Апталықтар;
  • Қоғамдық үйірмелер;
  • Пікірталас, дискуссия;
  • Экскурсиялар: серуен, саяхат, кездесулер

2015 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласы «Отырар» кітапханасында «Кеудем толы жер мұңы» тақырыбында ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Нұрхан Сұлтанбайұлы Топанбимен өткен әдеби танымдық кездесу кешіне оқу орнымыздың студенттері ақын шығармашылығымен толықтай танысып, оқырманы атанды. Оқу орнымызда  аталған қуаныштың жалғасы ретінде 02.03.2016ж. күні кафедра жанынан құрылған «Сыр сандық» бірлестігінің ұйымдастыруымен ақынмен шығармашылық кездесу өтіп, талантты студенттеріміз ақын шығармашылығынан өлеңдер оқып өз туындыларын да паш етті. Қонақта жас  дарын иесі, «Жыл ақыны» Дәурен Айманбетов болды.

  

«Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қойылған талаптарды орындау мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХҮІІІ қалалық байқауға 50 шақты үміткер қатысып, 13 үміткер іріктеуден өтіп, байқауға жолдама алған болатын. Оның ішінде «Сыр сандық» бірлестігінен үш (3) үміткер Ыбрақ Асылзат (117-24 оқу тобы.), Нұрмат Бағдәулет (117-14 оқу тобы), Апсаттар Мақпал (117-25 оқу тобы) қатысып, іріктеуден өтті. 2016 жылдың 26 ақпан күні байқау өтіп, нәтижесінде Апсаттар Мақпал 1-орынды иеленсе, Ыбрақ Асылзат «Көрермен көзайымы» номинациясын, Нұрмат Бағдәулет «Ең үздік проза оқушы» номинациясын алды.

4.02.16ж. күні Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапханасында өткен қазақ поэзиясының хаңтәңірі Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған «Дариға жүрек – Мұқағали» атты әдеби кешінде «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігінің мүшелері Ыбрақ Асылзат, Ысрайыл Ұлжалғас, Ораз Айдана М.Мақатаев өлеңдерін оқыса, Тайыр Мағжан, Қасқарбек Мереке хаңтәңіріне арналған арнауларын паш етті. Ақын сөзіне жазылған әндерінен де шырқап, талантты жастарымыз көрермен көзайымы болып, арнайы алғыс хат иеленіп қайтты.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған бірнеше байқауларда «Сыр сандық» бірлестігінің мүшелері жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, ОҚМПИ Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты шығарма-эссе жазу бағыты бойынша Қасқарбек Мереке ІІ орынды иеленсе, Өлең шумақтарын шығару бағыты бойынша Тайыр Мағжан І орынды, Дүйсебаева Ұлжалғас ІІ орынды алғаны үшін марапатталды.  Ал, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты жас ақындар жыр мүшәйрасына қатысып, Бекжұма Нарбай жүлделі І орынды, Ділдәбек Ерасыл ІІ орынды, Тайыр Мағжан ІІІ орынды иемденді. Сонымен қатар ҚИПХДУ-нің ұйымдастыруымен өткен М.Мақатаевтың туған күніне орай арналған «Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай» атты ашық жазба ақындар мүшәйрасына бірлестік мүшелері белсене қатысып,  І орынмен Бекжұма Нарбай марапатталса, қалған қатысушы Тайыр Мағжан, Қасқарбек Мереке арнайы номинациямен мадақталды.

2015 жылдың 11 желтоқсан күні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Сыр сандық» бірлестігі, Филология факультеті құрамының ықпалымен «Мәңгілікке желбіресін байрағым!» тақырыбында концерттік бағдарлама (көрініс, ән шашу т.б.) болып өтті. 117-25 оқу тобының студенттері Апсаттар Мақпал, Ділдәбек Ерасыл, Қасқарбек Мереке сынды сахна адамдарына айналуға шақ өнерлі жастарымыз бірнеше нөмерлерді орындап шықты.

  •   
  • Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы жанынан құрылған С.Ерубаев атындағы «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігінен 2015 жылдың 8 қыркүйек күні ОҚО әкімдігі, Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы
  •    
  • «Студенттік шақ» фестивалі аясында өткен  «Көркем сөз оқу» байқауында Қазақ тілі мен әдебиеиті мамандығының 2-курс студенті (117-24) Ыбрақ Асылзат ІІІ орын иегері атанса, 2 қазан күні дәл осы аталған басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақтың қилы тарихы» тақырыбындағы студент жастар арасынан сахналық қойылым байқауында М.Әуезовтің «Хан Кене» пьессасынан үзінді қойған студенттеріміз жүлделі ІІІ орынды алып, 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 5 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Абылай – азаттықтың алдаспаны» тақырыбында төмендегідей үш түрлі бағытта әдеби-танымдық кеш өткізілді:

    1.М.Әуезовтің «Хан Кене» пьессасынан сахналық көрініс

    2.«Абылай – азаттықтың алдаспаны» тақырыбында аламан айтыс

    3.Ән шашу.

    23 қараша айында өткен 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналаған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуді дәстүрге айналдырған институт ректоры, профессор Оңалбай Аяшұлының басшылығымен өткен «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі!» атты ашық жас ақындар мүшәйрасын «Сыр сандық» бірлестігі ұйымдастырды. Мүшәйраға облысымыздың барлық аудандарынан,жоғары және арнаулы оқу орындарынан отыздан астам үміткерлер қатысып, бас жүлдені кафедрамыздың студенті Сарманова Лаура иеленді.

  •    

  • 2014-2015 оқу жылы бойынша.  Ағымдағы оқу жылында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәлімгер Г.Қалтайқызы 29 қыркүйек күні «Ұстаздық еткен жалықпас..» атты тақырыпта кафедраға тиесілі оқу топтарымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Г.Қалтайқызының тәлімгер тобынан 2 ақпан күні Ыбрақ Асылзат ОҚМПИ-ның ұйымдастыруымен өткен «Бозбала мен бойжеткен» атты байқауында «Қыпша бел аруы» номинациясын,  сонымен қатар «Бір ел  - бір кітап» акциясы аясында таңдалған ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Сайын Мұратбековтың шығармаларына арналған «Сайын даланың Сайыны» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауында ІІ орын жеңіп алды. Талантты студентіміздің бірі 3-курс студенті Ақсақалов Дәурен 30 қыркүйек күні өткен Арыс қаласындағы «Мәңгілік ел – болашағымыздың бағдары» тақырыбында айтыс өнерінен Бас жүлдені иеленіп, қала әкімі С.Ертайдың дипломымен марапатталды.

    Қазақ және әлем әдебиеті және Тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 15 қазан күні «Жыр тұнған жүрек» атты тақырыпта ақын Әбілда Аймақты еске алу кеші өткізілді. Кеште «Шәмшінің  сағынышы» атты тақырыпта қойылым қойылды.  Студенттеріміз осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларға қатысып, өздерінің біліктілігін, отаншылдық сезімдерінің жоғары екендігін тағыда дәлеледеп өтті. Оқу ордамыздың «Жастар шыңы» бірлестігі «Жайдарман» ойындарына іріктеу мақсатында ғылыми мектеп аралығында 20 қараша күні өткізілген «Көңілді тапқырлар» клубында «Сөз сүйген сұлулар» атты кафедрамызыдң командалық құрамы бас жүлдені иеленді.

  •    

  •  
  • 2014 жылдың 26 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналаған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуді дәстүрге айналдырған институт ректоры, профессор Оңалбай Аяшұлының басшылығымен өткен «Елбасымен біргемін» атты  

    мүшәйрадан 1-курс студенті Сарамнова Лаура І орын,  ал 4-курс студенті Ақсақалов Дәурен 27 қараша күні  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Республикалық   деңгейдегі айтыстан  бас жүлдені (200 000т) жеңіп алды. Тіл білімі кафедрасымен бірлесіп (117-24, 117-14, 121-14 о.т.) 28 қараша күні «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында танымдық дөңгелек үстел өткізілді. Егемендігімізді жырға қосып, шығармашылық өлеңдерін оқыған студенттер ҚР Президенті Н.Ә.Назарбавтың  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты  жолдауын талқылады

    ОҚО ішкі саясат басқарамсының және Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Сен жанабасаң лапылдап!» атты  облыстық жас ақындар мүшәйрасына кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушысы,«Сыр сандық» бірлестігінің жетекшісі А.Ә.Маликова қатысып, ІІ орынды (100 000т) иеленді. Аты аталған бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен 25 қараша күні «Біз жанбасақ лапылдап...!» атты ХҮІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша Гранпри жүлдегері Батырхан Сәрсенханмен шығармашылық кездесуге еліміздің маңдай алды жас ақындардың барлығы дерлік бас қосып, кештің көрігін кіргізді.

    Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында институттың қоғамдық жұмыстарына белене араласқаны үшін кафедраның доценті У.К.Абдыханов пен 121-12 оқу тобының 3-курс студенті Жамаділ Ғазиза ректордың марапатына ие болды.

  •   

  • 2013-2014 оқу жылының жоспары бойынша  «Сыр сандық» бірлестігінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 18-22 қараша күндері аралығында «Абай әлемі» атты дәстүрлі әдеби апталық мерекесіне түрлі іс-шаралар жасалынып, апталықтың салтанатты жабуылуы сахналық қойылыммен (М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!») аяқталды.

    Аталған оқу жылында оқу орнымыздың түлектері,  Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың лауреаты Әбілда Аймақ (30.12.2013ж. күні, «Ә.Аймақ – махаббат жыршысы» тақырыбында)  пен «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызымен (26.02.2013ж. күні, «Ханбибі Есенқарақызы – алаш қайраткерлерінің жоқтаушысы») әдеби шығармашылық кеші болып өтті. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 03.03.2014ж. – 06.02.2015ж. аралығында өткен «Қай жерде, мейлі, қай елде, әлемнің мәні – әйелде!» атты руханият апталығында тақырыпқа арналған эссе, әңгіме жазу сайысы, қабырға газеттерінен байқау, мүшәйра, сыр-сұхбат сынды іс-шаралар орындалды.

  •  

  •     

  • 2012 жылдың 27 қыркүйек айында өткен «Бір ел – бір кітап» акция аясында А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қаладағы оқу орындары студенттерінің арасында өткен «Оралхан Бөкей оқулары» байқауында Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының 2-курс студенті Айнабек Айдан І орын, 1-курс студенті Жамаділ Ғазизи ІІІ орынмен марапатталды.

  •  

  • 2013-2014 оқу жылының жоспары бойынша  «Сыр сандық» бірлестігінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 18-22 қараша күндері аралығында «Абай әлемі» атты дәстүрлі әдеби апталық мерекесіне түрлі іс-шаралар жасалынып, апталықтың салтанатты жабуылуы сахналық қойылыммен (М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!») аяқталды.

    Аталған оқу жылында оқу орнымыздың түлектері,  Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың лауреаты Әбілда Аймақ (30.12.2013ж. күні, «Ә.Аймақ – махаббат жыршысы» тақырыбында)  пен «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызымен (26.02.2013ж. күні, «Ханбибі Есенқарақызы – алаш қайраткерлерінің жоқтаушысы») әдеби шығармашылық кеші болып өтті. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 03.03.2014ж. – 06.02.2015ж. аралығында өткен «Қай жерде, мейлі, қай елде, әлемнің мәні – әйелде!» атты руханият апталығында тақырыпқа арналған эссе, әңгіме жазу сайысы, қабырға газеттерінен байқау, мүшәйра, сыр-сұхбат сынды іс-шаралар орындалды.

  •  

  •