Елбасы Жолдауы зор жауапкершілік жүктеді

21.02.19

Президент Н.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арна­ған Жолдауларында білім сала­сын ешқашан назардан тыс қал­дыр­­ған емес. Биыл да еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негіз­дерін көрсеткен Елбасы адам ка­пи­та­лының дамуына, оның ішінде білім саласына ерекше тоқталды. Елбасы өз Жолдауында «Бар­лық жастағы азаматтарды қам­титын білім беру ісінде өзіміз­дің озық жүйемізді құруды жедел­дету қажет. Білім беру бағдар­ламаларының негізгі басым­дығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Педа­го­гтарды оқыту және олар­дың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет», деп атап өтті. Президенттің бұл тапсырма­сы Оңтүстік Қазақстан мемле­кет­тік педагогикалық универси­теті­нің ұжымына да аса зор жауап­кершілік жүктеп отыр. Жаңа буынның педагогтары оқу­шы­ға тек білім беріп қана қой­май, оны өз бетінше ізденуге машық­тандырып, баланың бойында өмір бойы жаңа білімдерді меңгеру қабілетін қалыптастыруы тиіс. Біз өз түлектеріміздің осы талаптарға сай болуына үнемі баса назар аударып келеміз. Мәселен, біздің оқу орнында Тұңғыш Президент атын­дағы орталық жұмыс істейді. Ғылы­­ми-инновациялық кабинет Н.Назарбаев орталығы деп аталады. Бұл кабинетте жоғары жыл­дам­дықты локальды және Wi-Fi интернет жүйесі бар. Бұл жер­де ғылыми жобамен айналыса­тын студенттер мен оқытушы-про­фессорлар құрамы жұмыс істейді. Оңалбай АЯШЕВ,