Саналы ғұмыр иесі

06.03.19

Құрметті Әбдімәлік Манапұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы сізді 75 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Ұлағат иесі ретінде  ізденімпаз, еңбексүйгіштік қасиеттеріңізбен жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, бар күш-жігері мен терең ой-білімін Отанымыздың өсіп-өркендеуіне арнап келе жатқан ардақты азамат, ұлағатты ұстаз-ғалымсыз. Саналы ғұмырыңызды елдің ұйытқысы, жақсы істердің бастамашысы болуға жұмсап келесіз. 

Білім ордасының  ұжымы тбасыңызға амандық, деніңізге саулық, таусылмас күш-қуат тілейді.