Көңілдерді шуаққа бөлеген мереке

11.03.19

Қыз-келіншектердің халықаралық мерекесіне орай ОҚМПУ-де салтанатты жиын өтті. Білім ордасының ректоры Оңалбай Аяшев ұжымдағы аруларға жүрекжарды құттықтау лебізін айтып, барлығына бірдей бағалы сыйлықтар табыстады. Әйел-аналардың қоғам даму мен ұрпақ тәрбиесіндегі айырықша үлесіне тоқталған оқу ордасының басышысы арулардың тіршіліктің тірегі, көңілдерді шуаққа бөлейтін ізгі жандар екенін айтты. Мереке соңы студенттердің ұйымдастырған концертіне ұласты. Кеште абаз жүректі аналар мен аяулы жандарға арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.