Тәрбие жұмыстары

Тәрбие жұмыстары бойынша 23.11.15. шетел тілдері кафедрасы «Қызықты студентік өмір" атты тәрбие сағатын өткізді. Кафедрасының магистр-оқытушысы Ахметова М.Р спорт және денешынықтыру, бастапқы әскери дайындық, қүқық және экономика негіздері және  филология мамандығы бойынша концерттік бағдарлама ұйымдастырды.      

Іс-шара барысында қатысушылар студенттік өмірлері жайлы слайд көрсетті. Мысалы: дәрісхана, асхана, әр турлі іс-шараларда, практикалық сабақта және т.б. Ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде ән шырқады. 104-15, 108-15 топ студенттері Алиева К., Мамаш З., Алдиярова Ұ., Жұмагалиева Ж. қазақша, үнді және өзбек, ұйғыр ұлттарының билерін ұсынды.

Филология факультетінің деканы Н.Ж. Нұрпейісов: «Қазіргі уақытта, студентік өмір қоғамдық өмірдің жартысын қамтиды. Өмірдің барлық салаларында туын асырады. Студенттер ең прогрессивті ұлт,  сондықтан, іс-әрекеттеріңде оң қадамдар жасауларың тиіс. Құрметті студенттер, білімдеріңізді жетілдіріп, студенттік жылдарыңызда оқып, уйренулеріңіз керек. Институтты бітіргеннен кейін сіздердің әдеби кітап оқуға, театрға баруға уакыттарыңыз болмайды. Менің өзімнің студенттік өмірім жақсы есімде, өзімнің профессорлар-лекторлар, ол кісілердің қалай сабақ өткендері, мұғалімдердің жатақханада кезекшілікте бөлмелерді аралап тексергендері, басымыздан өткен қызықты оқиғаларды әрдайым жақсы көңіл күймен еске аламын. Жалпы, іс-шара өз мақсатына жетті. Рахметімізді білдіреміз талантты студенттерге және ұйымдастырушы магистр-оқытушы Ахметова М.Р., кафедра меңгерушісі А.М.Қаракуловаға.

Қазақ әдебиетінің кафедра меңгерушісі Мамыт А.: «Студенттер жақсы өнер көрсетті. Осы іс-шараға барлық мамандық студенттері қатысқан, іс-шара жоғары деңгейде өтті.»

Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Қаракулова А.М.: Магистр-оқытушы Ахметова М.Р. кафедрамызға осы оқу жылында келді. Мұғалім жұмыс барысында тәрбие іс-шараларын сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта өткізеді.  Студенттер  іс-шараға белсенді қатысты, әсіресе ағылшын тіліндегі ән залдағы көрермендерге ерекше әсер етті. Жалпы, студенттер күніне арналған іс-шара өз мақсатына жетті.