Ғылыми жұмыстар

Ғылыми жұмыстар

Шетел тілдері кафедрасында 16 профессор-оқытушы жұмыс атқаруда, оның ішінде екі қосалқы және бір факультет деканының орынбасары. Кафедрада   ғылым кандидаты - 1,  аға оқытушы - 6, магистр-оқытушы – 9. Кафедра бойынша ОПҚ  ғылыми дәрежелілігі 6 % құрайды, дәрежесіз оқытушылар – 94 % құрайды.

Шетел тілдері кафедрасында импакт факторлы басылымдарда – 1, РИНЦ – 1,  алыс және жақын шетел конференцияларында – 4, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында – 19, ҚР ғылыми-тәжірибелік конференцияларында –32  мақала жарияланған. Жалпы көлемі 198 бет,  12,375 б.т.

Шетел тілдері кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к. Киясова К.К. 2019 жылы Қазақстан Республикасы БжҒМ, Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институты, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен Республикалық байқауында жеңімпаз болып «Үздік ғылым кандидаты -2019» төсбелгісімен және 1-орын Дипломымен марапатталды.  27 маусым 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы. Республикалық байқау материалдары жарияланған жинаққа өмірбаянымен таныстырылды.

2019 жылдың қазан айында мұғалімдер күніне орай Қазақстан Республикасы БжҒМ, Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институты, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог-2019»  атты республикалық байқауларына шетел тілдері кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к. Киясова К.К. қатысты. Нәтижеде екі байқауда да топ жарып, «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог-2019» төсбелгілері және 1-орын Дипломдарымен марапатталды.  

     

 

Шетел тілдері кафедрасында «English club» үйірмесі жұмыс істеп тұр. Бұл клубқа магистр-оқытушы Әділханұлы жетекшілік жасайды. Университетіміздің барлық мамандықтарының студенттеріне ағылшын тілінен тілдік деңгейлерін жоғарылатуына көмегін тигізуде.

2019 жылының  20-21 ақпан аралығында   кафедрасының ұйымдастыруымен факультетаралық 1, 2, 3 курс студенттер арасында дәстүрлі олимпиада өтті. Кафедра ОПҚ-сының ұсынуымен олимпиадада 150  студент қатысты. Іріктеу кезеңінде қатысатын студенттер анықталды. Қатысушылар тізімі тіркелген. Іс шара бас ғимараттағы 306 ші дәрісханада өтті.  Олимпиада 3 кезеңнен тұрды.

Кафедрамыздың оқытушылар құрамы өз студенттерін Қазақстан Республикасы, сондай-ақ басқа елдерде өткізіліп жатқан онлайн олимпиадаларға да қатыстыруда.  

 

№ р/с

Олимпиада атауы (күні)

Пәндер

Студенттің

аты-жөні (тобы)

Жетекшінің аты-жөні

Ескертулер

(дипломдар, мақтау қағаздары және т.б.)

1.

«Ағылшын тілі»  «Қазақстан ұстаздары қоғамының ұйымдастыруымен өткен» 2019 12- ақпан

Ағылшын тілі

Ермаханбет Зарина

Тайтелиева М.А.

І-дәрежелі диплом

2

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Қуанышқызы Аяулым

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

3

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Бутаева Керемет

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

4

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Сандыбай Аида

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

5

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Есболатова Толғанай

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

6

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Әліқұл Арайлым

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

7

«Горячие собаки на черном льду..Идиомы в английском языке».

Бүкілресейлік білім беру «Конкурсита» порталының олимпиадасы

Английский язык

Ахмедова Мафтуна Хусанхановна

Мұсабекова А.А.

1-орын жеңімпазы

 

Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары жетекшілігімен университетімімздің студенттері «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығының байқауларына қатысып, І, ІІ, ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды.