Жігіттің сұлтаны мен ару бойжеткенді таңдады

01.04.19

"Әз Наурыз" мерекесіне орай ОҚМПУ-де  факультеттер арасында "Жігіт сұлтаны" және "Қыз Жібек ару" өнер, білім, сән сайысы өткізілді. Ондағы мақсат  өскелең ұрпаққа қазақи  дәстүр мен салтты, бозбала мен бойжеткеннің бойынан табылуы тиіс  ізгі қасиеттерді  таныту болды. Жастардың ерекше қызығушылығын туғызған  байқауда  филология факультетінің 2 курс студенті Балқыбек Нұрислам "Жігіт сұлтаны" атанса, "Қыз Жібек ару"  бас жүлдесін  педагогика-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті - Сандыбай Аида иеленді.