Сүйінші ''Студенттер үйі ашылды''

08.04.19

6 cәуір 2019 ж. күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін іске асыру аясында салынған 350 орындық №4 Студенттер үйінің ресми ашылу іс-шарасы өтті. Маңызды шараға Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығының» президенті Ибраимов Асқар Изимбайұлы, «НұрОтан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағалары мен зиялы қауым өкілдері, ОҚМПУ профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. 
Мегаполис атанған Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында студенттердің жатақханаға деген тапшылығын жою мақсатында тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын, бүгінгі шараның аталған бастамаға қосқан қомақты үлес екенін атап өтті.
Филология факультетінің студенттері атынан сөйлеген 3-курс студенті Амангелді Айғаным зәулім Студенттер үйінде тұруға мүмкіндік жасаған Елбасыға, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ОҚМПУ ректоры Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Аяшев Оңалбай Аяшұлына ризашылығын білдірді.