Жастар жылының игілігі

12.04.19

   Еліміздің тұңғыш Президенті,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасы  шеңберінде ОҚМПУ-де жаңадан салынған  студенттер үйі жастардың игілігіне берілді. Соның арқасында оқу ордасының 350 студенті сәулетті, заманауи қажеттіліктерге сай жабдықталған қонысқа жайғасты. Студенттер үйінің ашылу салтанатына   Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Президенті Ибраимов Асқар Ізімбайұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай Аяшұлы қатысты.