Түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету

16.04.19

ОҚМПУ-де  ҚР. Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығының» маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен бітіруші студенттердің жұмысқа орналасуы жөнінде кездесу өтті. Басқосуда "Білім туралы"  Заңының талаптары және  маманды жұмысқа жіберу, оларға өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру жайы түсіндірілді. Сондай-ақ  мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары туралы Үкімет қаулысымен таныстырды.  Кездесуде  студенттер өздерін толғандырған өзге  сұрақтарға жауап алды.