Нақты іс, берік уәде

25.04.19

       Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев  2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында:  «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген еді. Ал 14 қарашада президент Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан үкіметіне жастар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2019 жыл - «Жастар жылына» арнап және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 28 жылдығына орайластырып 2019 жылдың 1 наурыз күні еліміздің бас газеттері – «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правдада» студенттер арасында жүлде қоры  - 28 млн. теңгені құрайтын республикалық конкурс жариялады.

Жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, дарынды шәкірттерге жол ашу үшін «Жастар жаңалығы» атты ғылыми жобалар байқауын ұйымдастыру мақсатын қойды.  Байқауға Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан, колледж және мектептерден 80-нен аса жұмыс келіп түсті. Эксперттер ең үздіктерін анықтады. Озық деп танылған 7 ғылыми жұмыс «Рухани жаңғыру – қазақ өркениетінің жаңа дәуірі және жастар» атты студенттердің дәстүрлі республикалық ҮІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытынды мәжілісіне ұсынылды.

Академик А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология факультетінің студенттері Тоқтамұратов Жангелді Кенжебайұлының пен Ғазизов Нұрай Сәулетұлының «Абай мен Әлихан кездескен бе?», Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеренария факультетінің студенті Сылдырбаева Анар Сабетханқызының «Иттерде жиі кездесетін қатерлі ісіктер», «Сырдария» универсиетінің студенті Төлентаев Алғабастың «Фотохимиялық жолмен қондырылған металл қабықшаларының бактерицидті қасиеттерін зерттеу», Ақтөбе облысынан келеген «Баишев университеті» мекемесінің студенті Кереева Таңшолпанның «Қазақстандағы жүн өңдеу кәсібін дамыту мәселелерін шешу жолдары», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Дошан Ұлмекеннің «Қазақ фольклорындағы жылқыға қатысты деректер, олардың маңызы»                                                                                                                                                                                                                                             атты баяндамалары аудитория қызығушылығын арттырды.  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің жаратылыстану факультеті, химия кафедрасы 125-17а тобының студенті Тоқтамыс Нұрболаттың «Емдік алоэ өсімдігінің адам ағзасына тигізер пайдасын зерттеу, оны өсіру және пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жұмысы барша қатысушының назарын өзіне аударды. Жобаның өзектілігін шетел ғалымдары да растаған. Баяндау соңында сұрақтар көптеп қойылды. Үш тілде қорғалған еңбекті аудитория ерекше бағалады.

        Байқаудың нәтижесінде  Тоқтамыс Нұрболат бірінші орын – 150 мың теңгеге ие болды. Тухтамурадов Жанкелди Кенжебаевич, Ғазизов Нұрай Сәулетұлы, Сылдырбаева Анар Сабетханқызы екінші орын – 100 мың теңгеден, Кереева Таңшолпан, Кереева Таңшолпан үшінші орын – 50 мың теңгеден алды. Сонымен қатар, «Үздік жоба» номинациясы №29 жалпы орта мектебінің оқушысы Алиев Ислам мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, биология мамандығының студенті Ахмет Ақжарға, «Жыл жаңалығы» номинациясы Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-А сынып оқушысы Беркінбаева Аяулым Жаңабайқызы мен Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-А сынып оқушысы Бейсенбаева Мерей Әділетқызына, «Ең жас ғалым» номинациясы Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «Ә» сынып оқушысы Алимбаева Аружан Әділқызы мен № 20 Г.С.Титов атындағы мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Репин Русланға, «Үздік презентация» номинациясы Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-В сынып оқушысы Кождан Камила мен «Сырдария» университетінің студенті Мұса Нұрбала Бекболатқызына бұйырды. Әр номинацияға 30 мың теңгеден берілді. Конкурсқа қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Жасалған баяндамалардың тақырыбы түрліше болғанымен, өзек болған идея жалғыз, ол – еңсесі биік, іргесі берік ел болу үшін  жас ғалым ретінде үлес қосу. Ұлы ұстаз Әл-Фараби: «Ғалым адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет ету» деп жазған екен. Ендеше ғылым саласын іргелендіруде бірлесіп еңбек етейік.

Рауан Бегалиева

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

 педагогикалық университетінің

 ғылыми жұмыстар және инновациялар

 жөніндегі проректоры,

педагогика ғылымдарының кандидаты.

Марапаттау сәтінен

Тоқтамыс Нұрболат – бірінші орын иегері

Описание: C:\Users\admin\Desktop\5 Апрель 2019 жыл ОКМПУ студентеринин 8-ши республикалык конференциясы\DSC_6590.JPG

Сылдырбаева Анар Сабетханқызы

 екінші орын – 100 мың теңге иегері

Описание: C:\Users\admin\Desktop\5 Апрель 2019 жыл ОКМПУ студентеринин 8-ши республикалык конференциясы\DSC_6717.JPG

Сертификат тапсыру сәті

Описание: C:\Users\admin\Desktop\5 Апрель 2019 жыл ОКМПУ студентеринин 8-ши республикалык конференциясы\DSC_6614.JPG

Пленарлық мәжіліс