Ұлтын сүйген ұлы тұлға

26.04.19

Университетте мемлекет және қоғам қайраткері ұстаз, ғалым, публицист Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл толуына орай "Ұлтын сүйген ұлы тұлға"  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға алыс және жақын шетелдерден, Қазақстанның ЖОО-нан ғалымдар келіп қатысты. Пленарлық мәжілісте филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, Сүлеймен Демирел атындағы университет профессоры, филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әлібек Сейдехан, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейісов Сұлтанбек Қожанов туралы тың деректерге негізделген  баяндамалар оқыды.