Практика

2019 жылдың 29 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 2018-2019 оқу жылына арналған стратегиялық жоспарына сәйкес факультетаралық 4 курс студенттері арасында «Үздік жас маман - 2019» байқауы өтті.

Факультетаралық байқау педагогикалық практика кезінде жоғары кәсіби рейтингке ие болған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін педагогтарды анықтауға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталды.

Байқау мақсаты – педагогикалық бағыттағы ЖОО студенттерінің  шығармашылық белсенділігі мен кәсіби біліктіліктерін жетілдіру.

Байқаудың міндеттері:

  •  талантты студенттерді анықтау, қолдау, марапаттау және жұмыспен қамту;
  •  байқауға қатысушылардың шығармашылық, зияткерлік, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
  •  педагогикалық мамандық беделін көтеру;
  •  оқытудың жаңа технологияларын, білім берудің ерекше әдістерін анықтау.
  •  озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Педагогикалық практика бойынша қорытынды есеп беру кезеңінде үздік деп танылған практикант-студенттер анықталып, кафедра меңгеруші мен факультет деканының ұсыныс хаты негізінде үміткерлер іріктелді.

Оқу орны басшысының өкімімен әділқазылар алқасы құрылады. Олардың құрамына ұйымдастырушылық комитетінен құралған оқу орнының үздік оқытушылары, облыстық, қалалық білім беру мекемелерінің жетекші мамандары және жұмыс беруші тараптың мекеме басшы өкілдері болды.

Қазылар алқасының құрамы:

  1. Сапарбаева Замира Абдыкадыровна–қазылар алқасының төрайымы, ААҚ ДББҰ Назарбаев зияткерлік мектебі, педагогикалық шеберлік орталығының тренері;
  2. Лесбек Жұмабек Борашұлы–қазылар алқасының мүшесі,Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры;
  3. Абилдаева Гүлназ Сайлауовна–қазылар алқасының мүшесі, Шымкент қаласы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия директоры;
  4. Қаражігітова Клара Нұрмаханбетқызы– қазылар алқасының мүшесі, ОҚМПУ доценті, п.ғ.к.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

  1. Өзін-өзі таныстырыу
  2. Пән бойынша ашық сабақтан үзінді

3. Ситуациялық тапсырмаларды орындау.

Байқаудың барлық кезеңі бойынша әділқазылар алқасы қатысушының іс-әрекетін келесі белгілер бойынша бағалады:

- сыртқы келбеті, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі;

- таныстырудың бірегейлігі, регламенттің сақталуы;

- сабақты ұйымдастыру кезеңі (студенттің сабақты бастауға дайындығы, сабаққа кірісудегі іскерлігі), сабақ мақсатының айқындылығы;

- оқыту әдістері мен типтерін таңдаудың мақсатқа бағытталуы;

- оқытудың түрлі технологиялары мен әдістерін қолдануы;

- сабақ мазмұнын саралауы және жүзеге асыруы;

- педагогикалық шеберлігі.

Байқау нәтижесінде әділқазылар шешімімен Бас жүлде- «Жас маман -2019», бірінші, екінші, үшінші орын алған жеңімпаздар анықталып,  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлдеге 5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының студенті Сейсенбек Диана, І орынға 5В010900- «Математика» мамандығының студенті Утегенова Багила, ІІ орынға 5В011300-«Биология» мамандығының студенті Ертай Мөлдір мен 5В011700 «Қазақ тiлi және әдебиетi» мамандығының  студенті Асан Назерке, ІІІ орынға 5В011800- «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Қапашова Наргиза мен 5В10600-«Музыкалық білім» мамандығының студенті Пірназарова Меруерт ие болды.

Жұмыс беруші тараптың мекеме басшыларынан жасақталған әділқазылар алқасы бітірушілер біліктілігін жоғары бағалап, өз мекемелеріне жұмысқа шақырды.