ОҚМПУ-ТОП-20-да

30.05.19

Еліміздегі ЖОО арасында өткізілген ТОП-20 бас рейтингісінің нәтижесі жарияланды. Рейтинг анықтаған  іргелі оқу ордаларының тобына ОҚМПУ-і де енді. Жалпы рейтинг 87 жоғары оқу орны арасында өткізілді. Алайда, олардың тек 59-ының жұмысы ғана талапқа сай болды. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан мониторинг жоғары мектептерде білім беру қызметінің сапасын жоғарылатуға және олардың халықаралық деңгейге көтерілуіне ықпал етіп келеді.