Орталық туралы

«Рухани жаңғыру» орталығы туралы

ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті жаңа үлгідегі маман даярлау, жас буынға патриоттық тәрбие беру, ұлттың тарихи-мәдени құндылықтарымен таныстыру және бұл бағыттардағы жұмыстарды ғылыми негізде дамыту мақсатында ЖОО қабырғасындағы өзге де құрылымдармен бірлесе жұмыс жасайтын бөлім ретінде ЖОО ректорының 2017 жылдың  4-қыркүйегіндегі № 4-74 бұйрығына сай құрылып жұмыс жасап келеді. «Рухани жаңғыру» орталығының жұмысын сапалы ұйымдастыру мақсатында ЖОО басшылығы тарапынан үнемі қамқорлық жасалып келеді.

Қазіргі таңда орталық жұмысын мазмұнды ұйымдастыруға екі арнайы кабинет және алаңша қызмет етіп тұр. Олардың барлығы ЖОО-ның «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстарына қызмет етіп тұр.  (Қараңыз: 1-4 суреттер).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласындағы көрсетілген бағыттар мен тапсырмаларды орындау бағытындағы жұмыстар орталықтың жылдық жұмыс жоспарларынан көрініс тапқан. Сонымен бірге орталықтың жұмысын ғылыми және тарихи сабақтастық деңгейінде жүргізуде ОҚМПУ ұжымының археологиялық жасағының қазба жұмыстарының нәтижелерінің негізінде жасақталған «Ұлы Дала Елі – Өркениеттер тоғысында б.э.д. 100 мың.-б.э.ХІІ ғасыр» атты тақырыптық көрменің көп көмегі бар. (Қараңыз: 5-сурет).

Орталықтың штаттық құрылымы: 1.Орталық басшысы. 2. Орталық маманы.

«Рухани жаңғыру» орталығының басшылығы туралы мағлұматтар.

 ОҚМПУ-да жаңадан құрылған орталыққа 2017-2018 оқу жылында басшылық қызметін п.ғ.д., профессор Ілесхан Сманұлы Сманов атқарды. Аталған кезеңде өңірдегі ең алғашқы  орталық ретіндегі жұмысының ұйымдастырылуы мен қалыпты жүруіне ОҚМПУ әкімшілігімен қатар орталық басшысы п.ғ.д.,профессор І.Сманов тарапынан көп еңбектер жасалды.

           

Сманов  Ілесхан  Сманұлы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм  ауданы, Отырар бөлімшесінде дүниеге келген.

1969-1973 жылдары Шымкент педагогика институтының физика факультетінде  «Сурет және сызу» мамандығы бойынша оқып, білім алды. 1985-1990 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.

Еңбек жолын 1968-1969 жылдары Гурьев облысындағы Мақат стансасында теміржол депосында жұмысшы болып бастады. 1973-1981 жылдары Т.Тәжібаев атындағы орта мектептің  мұғалімі, интернат меңгерушісі, 1981-1993 жылдары Шымкент педагогикалық институтында сызу және сызба геометриясы кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

1990 жылы кандидаттық және 2000 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

2001-2004 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ философия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2006 жылы қыркүйек айында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Президентінің кеңесшісі болды.

2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД  14.61.35 біріккен диссертациялық кеңесінің мүшелігіне қабылданды.

2008 жылы  ҚР БжҒМ Жоғары Аттестациялық Комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді. 8 ғылым кандидатын, 1 ғылым докторын даярлады. І.Сманов 200-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерін жариялаған. Оның ішінде,  3 монографиясы, 17 оқу құралы, 1 слайдфильмі  (Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы. Алматы қ.) бар. 

2006 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, 2007 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

І.С.Сманов 2008 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазіргі таңда ОҚМПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда.

2018-2019 оқу жылынан бастап, бүгінгі ОҚМПУ-дің Тарих факультетінің 1994 жылғы түлегі, т.ғ.к., доцент м.а. Қайрат Сапарханұлы Анарбаев басшылық қызметін атқарып келеді.

Анарбаев Қайрат Сапарханұлы 1968 жылы ОҚО, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1975-1985 жылдары Атбұлақ орта мектебінде орта білім алған.  1989 жылы М.О. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының Тарих факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы Қ.А. Иассауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 1994-1995 жж. аталған жоғары оқу орнының «Жалпы тарих» кафедрасының оқытушысы.

1994-2015 жж. аралығында әр жылдарда Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, жастар ұйымының жетекшісі, тәрбие жөніндегі және ғылыми жұмыстар бойынша проректорлығы мен «Қазақтану» этнопедагогикалық ғылыми зерттеу және білім беру орталығының директоры сияқты қызметтерін атқарған. 2015 жылдан ОҚМПУ-нің «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті м.а. қызметінде.

2009 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. Түркітану, ортағасырлық Қазақстан және Деректану салаларының маманы.

Үш мәрте ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұсынылған гранттық жобалардың бірлесе орындаушысы. Бір монография мен бір оқу әдістемелік құрал және алпыстан аса  ғылыми мақалалар авторы. Ғылыми жетекшілігімен 5 магистрлік жұмыс қорғалған.

Түркістан облыстық және Шымкент қаласы әкімдігі үгіт-насихат тобының белді мүшесі. ҚР Қоғамдық Даму министрлігі, «НұрОтан» ХДП, облыс, қала, аудандар әкімдіктері және ЖОО грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.

            Анарбаев Кайрат Сапарханович родился в 1968 году  в селе Рабат Казыгуртского района ЮКО. С 1975 по 1985 год учился в Атбулакской средней школе. В 1989 году поступил в Шымкентский педагогический институт им. М.О .Ауезова на исторический факультет. В 1994 году Закончил с отличием ХҚТУ  Яссауи Шымкентский институт, по специалист преподаватель историю.