Құрметті ұстаздар, әріптестер, студенттер!

29.08.19
Құрметті ұстаздар, әріптестер, студенттер!
 
          Сіздерді  30 тамыз – ҚР Конституция күні және 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен қасиетті қарашаңырақ – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! 
          Тарихы терең, ұлтымыздың ұйытқысы – Оңтүстік өңіріндегі мемлекеттік мәртебеге ие педагогикалық университет түлектері тек қана Қазақстан Республикасының аймақтарында ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдерде жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық көрсетіп, қызмет атқарып жүргенін үлкен мақтанышпен атап өту қажет. 
          Егеменді еліміздің келешегін көркейтуде қызмет етер жалынды жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатар ұстаздар ордасы бүгінгі таңда қанатын кеңге жайып, педагог мамандар дайындауда жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды.
          Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. 
          Еңселі еліміздегі білім көшін жалғастырар болашақ ұстаздар мен әріптестеріме шығармашылық табыс, отбасына амандық, дендеріне саулық тілейміз! 
Білім көкжиегінде алар асуларыңыз биік болсын!
   Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университетінің ректор м.а. Баршагүл Исабек