Білім күні

02.09.19

ОҚМПУ-де Білім күні салтанатты жағдайда атап өтілді. Мерекеде бірінші курс студенттерін  ұстаздар, БАҚ өкілдері және "Нұр Отан" партиясы  облыстық филиалының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтады. Биыл білім ордасының бірінші курсына 1 мың 741 студент қабылданып отыр. Оның 778 мемлекетік білім грантымен, 940-ы ақылы негізде  және 20 бала шартты түрде оқуға қабылданған.  Ал магистратура бойынша 97, доктарантура бойынша 7 студент білімін әрі қарай жалғастыратын болады.