Тарихы

ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

Химия кафедрасы 1986 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент  педагогикалық институтының  дене шынықтыру факультеті құрамында ашылған. 

Қазіргі  таңда кафедрада заман талабына сай және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда.

Студенттерге ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, магистр-оқытушылар дәріс береді, ғылыми әлеуеті – 75%.

Кафедрада студенттердің жоғары деңгейде білім алуы үшін  4 химиялық лаборатория қажетті қондырғылармен, 2 ғылыми-әдістемелік кабинет әдістемелік құралдармен, электронды оқу құралдарымен жабдықталған.

Студенттердің және жас ғалымдардың ғылыммен айналысуы үшін заманауи үлгідегі 2 ғылыми-зерттеу лабораториясы іске қосылған.

Кафедрада жүргізілетін екі бағыттағы  ғылыми-зерттеу жұмыстарына  студенттер де атсалысады: а) Cуда ерігіш полимерлердің коллоидты-химиялық қасиеттері және оларды қолданудың ғылыми негіздемесін жасау. Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Мәдібекова Ғ.М., б) Химияны оқытудың инновациялық әдістемелері. Ғылыми жетекші:  х.ғ.к., доцент Шағраева Б.Б.

            Соңғы төрт жылда 4 монография, 6 патент, 155 ғылыми еңбектер  және  40-қа жуық   оқу құралдары мен 10 электрондық оқу құралдары дайындалды.

Кафедра ұжымы   «Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау концепциясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып отырады, онда атақты ғалымдармен қатар студенттер, магистрлер,  жас ғалымдар  баяндамалар жасайды.

Әр жылдары кафедраның оқытушы-профессорлары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды: Ғ. Мәдібекова, Ш. Молдабеков,              О. Қобланова, А. Асылбекова.

Кадрлар дайындауда Ресейдің, Өзбекстанның, Қазақстанның  және алыс шетел (Австрия, Англия) университеттерімен, ғылым-әдістемелік орталықтарымен және өндіріс  орындарымен тығыз байланыс орнатылған. 

  Кафедра ұжымы мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып «Химия мамандығы бойынша білікті педагогтарды дайындаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізіп отырады. Студенттер мен жас ғалымдар мектеп оқушыларына арнап «Химияның ғажайыптары» атты қызықты эксперименттік тәжірибелер ұйымдастырып, кәсіптік бағдар барысында көрсетеді. 

Екі оқытушы Германия, Мюнхен техникалық университетінде «Білім беру процесін жетілдіру мақсатында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып лекция және лабораториялық сабақтарға презентация дайындау, сонымен қатар пәнаралық халықаралық зерттеу жобалары мен PhD курстары» атты семинар-тренингке ТЕМПУС бағдарламасы аясында қатысты.

Кафедраның  оқытушылары  біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ, білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институтында «ЖОО педагогика мамандығының оқытушыларының біліктілігін арттыру» курсынан өтіп білімін жетілдірді.

        Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөлініп, жүйелі жолға қойылған.

       Тәлімгерлер оқу-тәрбие процестерінің бір-бірімен етене бірлігіне қол жеткізу мақсатында студенттердің бойында ғылыми дүниетанымын, жоғары моральдық саяси сана, еңбек сүйгіштік қасиеттерін, олардың қоғамдық белсенділігін, патриоттық сезімдерін қалыптастыруды  барынша дамыту міндетін қоя отырып, көптеген тәрбиелік жұмыстарын жүргізіп отырады.

 2012 ж сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001-2008 ХС  халықаралық стандартының талаптарына  сай келетін СМЖ енгізіліп, кафедра IQ Net және «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі ұйымының халықаралық сәйкестілік талабын  дәлелдеді. 2015 ж   сапа  менеджменті  жүйесі мамандықтың  білім беру бағдарламасының  аясында қайта  сертификаттаудан өтіп,  барлық бағытта   сәйкестілік талабы орындалды, № 12.0522.026   сертификаты берілді.

Химия мамандығы 112-22 көптілді тобының студенттері ғылыми зерттеулер жүргізуде

Жалпы, химия мамандығын өткен оқу жылдарында барлық оқу түрлерін есепке алғанда  96  студент бітіріп, еліміздің білім беру саласында жоғары дәрежеде қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, бітіруші студенттер Абай атындағы Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті мен Әль-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық    университетінде магистратурада білімін жалғастыруда. Бір жас оқытушы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде докторантурада оқиды.

Химия мамандығы студенттерінің академик ғалымдармен кездесуі

Бітіруші студенттер кафедра оқытушыларымен бірге

 Кафедра 2013ж қараша айында ҚР БжҒМ тарапынан мамандықты қайта лицензиялау комиссиясынан өте жақсы көрсеткіштермен өтті.

2014-2015 оқу жылы  5В011200 –Химия мамандығының  білім беру бағдарламасы Білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық агенттігінде (БСҚА)  мамандандырылған  аккредиттеуден өтіп,  алдағы оқу жылдарында дамудың    басым  бағыттары  белгіленді.  Оқыту үрдісін ұйымдастыру барысында   ғылым  мен білімді  интеграциялау,  оқу-тәрбие  үдерісін  жетілдіру  және  оны  жоғары  деңгейде ақпараттандыру,  халықаралық  ұтқырлықты дамыту,   қызметкерлер  біліктілігін  үздіксіз  түрде  жоғарылату, материалдық-техникалық  базаны  ұдайы  нығайтып отыру қолға алынды.

Химиялық реактивтермен және прекурсорлармен жұмыс жүргізуге мемлекеттік лицензия  алынды (№ 14016687 берілген уақыты 06.11.2014ж).

Химия кафедрасының ғылыми-зерттеу лабораториясы