"Алтын қайшы" иегері - ОҚМПУ студенті

21.10.19

18.10.2019 ж. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жастар жылы жобасы аясында «Алтын қайшы» жас дизайнерлер арасындағы байқауға оқу ордамыздың «Ақбаян» студенттік сән театры қатысып, нәтижесінде «Прет-а-порте» номинациясы бойынша «Жігерлі жастар» коллекциясымен Филология факультетінің 3-курс студенті Гаухар Төлбасы 1-орын иегері атанды. Жетекшісі – халықаралық дәрежедегі дизайнер, Дефиле, Тігін үйірмелерінің жетекшісі Марат Ерімбетов.