"Жас ғалымдар" форумына қатысты

01.11.19

 Мәскеу қаласында ресей-қазақстан "Жас ғалымдар" форумы өтті. ⠀Аталған форумға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті атынан бірініші курс докторанты Омаров Оралхан Темірханұлы қатысып, білім ордасының ғылыми даму тұжырымдамасы және алдағы стратегиялық жоспарлар бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ ол Қазақстан және Ресей білім ордалары жас ғалымдарымен ынтымақтастық орнату аясындағы іс-шараларға қатысты.

 Форумда екі елден жиналған жас ғалымдар әлеуметтік және инновациялық жобалар бойынша өзара ынтымақтастық орнату мақсатында "дөңгелек үстелдер" ұйымдастырды.

⠀Сондай-ақ форум шеңберінде Ресейдің Ғылым және жоғары оқу министрлігі, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей ұлттық достастығы университеті, Ресей технологиялық университеті, Сколкова технопаркі және тағы басқа білім және ғылым ордаларына сапар жасалып, екі елдің ынтымақтастық тұрғысындағы шаралары талқыланды.