Университетіміздің 5 спортшысы әлем чемпионы атанды

15.11.19

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова оқу ордасындағы даңқты спортшылармен кездесті. Ректор армрестлингтен әлем чемпиондары Қаржау Есболат, Ләззат Мәлікайдар, Нұрхат Қалдарбек және Мақпал Зиядулланы жеңіспен құттықтады. Бұл спортшылар жуырда ғана Румынияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын. Сондай-ақ басқосуға дзюдо шебері Перизат Қадырбекова, бокстан халықаралық жарыстардың жүлдегері Бекзат Қашқын, футболшы Мерей Мауиз, спорт шебері Нысаналы Айбол да қатысты. Кездесуде студенттер спорттық жаттығулар мен дайындықтары туралы айтып берді. Ректор оларға сәттілік тілеп, халықаралық жарыс жеңімпаздарына лайыкты марапат жасалатынын жеткізді.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 5 бірдей спортшысы әлем чемпионы атанды. Румынияда  армрестлинг спортынан өткен әлемдік сайыста Қаржау Есболат, Ләззат Мәлікайдар, Қалдарбек Нұрхат, және Мақпал Зиядулла жеңіс тұғырына көтеріліп, алтын медаль еншіледі. Ал гир тасын көтеруден Сербияда өткен  әлем чемпионатында 1 курс студенті Медет Әуесбек екінші орынға ие болды.  Елге оралған жеңімпаздарды  университет ректоры Анар Қайырбекова мен  курстас достары салтанатты жағдайда қарсы алды.

Жеңімпаз спортшылармен өткен кездесуге сондай-ақ дзюдо шебері Перизат Қадырбекова, бокстан халықаралық жарыстардың жүлдегері Бекзат Қашқын, футболшы Мерей Мауиз, спорт шебері Нысаналы Айбол да қатысты. Басқосуға денешынықтыру және спорт  факультетінің бірінші курс студенттері де шықырылды. Кездесуде спортшылар  жеңістері мен спорттық дайындықтары туралы айтып берді. Болашақтағы жоспарларымен бөлісті.  Оқу ордасының басшысы Анар Қайырбекова спортшыларға қаржылай марапат тапсырылғанын айтып, оларға  жеңіс пен сәттілік тіледі. Ал Перизат Қадырбекова  университетке спорт жаттықтырушысы болып жұмысқа қабылданды.