"Бір   ел - бір кітап" 

22.11.19

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің студенттері  "Бір   ел - бір кітап"  бастамасы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың  "Аңыздың  ақыры"  романы  бойынша   "дөңгелек  үстел"  өткізді. Әдебиет жайындағы пікіралысуда студенттер қоғам қайраткері,  көрнекті жазушының романын  оқиға  желісіне, образдар жүйесіне   қарай  жан - жақты  талдап,  өздерінің ой  пікірлерімен,  алған  әсерлерімен  бөлісті.  Басқосуда сөз алған филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейісов "Қазақ әдебиетінің классик жазушы Ә.Кекілбаевтың шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, насихаттау-рухани жаңғырудың мәңгілік жолы. Әбіш әлемін асқақтата беріңіздер!"-деді.