Оқытушылар семинарға қатысты

25.11.19

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қараша күні институционалды және мамандандырылған (23 мамандық  бойынша) аккредиттеу бойынша өзін-өзі бағалау есебін даярлау мақсатында оқыту семинары өткізілді. Семинарды жоғары оқу орындары мен ҒЗИ аккредиттеу бөлімінің бас үйлестірушісі биология ғылымдарының докторы, профессор Имашева Бағдат Сәкенқызы өткізді. Семинардың мақсаты аккредиттеу стандарттары мен қағидаларын жүргізу рәсімдерін оқыту. Семинарда аккредиттеу жүргізудің кезеңдері, яғни сыртқы аудит барысындағы нұсқаулықтар  қаралды. Спикер өзін-өзі бағалау бойынша есеп жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар берді. Семинарға 167 қатысушы сертификат алды.