Достығымыз жарасқан

19.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алып жүрген өзбекстандық студенттер "Достығымыз жарасқан" деген атаумен  концерт өткізді. Оған білім ордасының  шәкірттері түгелге жуық қатысты. Мың бұрала билеген өнерпаздар шығыс биінің нәзік те,  сырлы  тұстарын таныта білді. Ал көңілді тапқырлар клубының әзілкештері болса  түрлі тақырыптағы қағытпа қалжыңдарымен көпшілікті күлкіге кенелтті.   Олар көбірек өздерінің Қазақстанға келген алғашқы күндерін әзілге айналдырды. Әсіресе,  туған үйден жазылған хат туралы қойылымдары көрермен ықыласына бөленді.

Концертте сондай-ақ көпшілік  өзбек театры әртістерінің де өнерін тамашалады. Кәсіби өнерпаздар жастардың бастамасына қолдау білдіріп, өздерінің қызықты номерлерін көрсетті. Осылайша өнерпаздар  екі елдің арасындағы сан ғасырға ұласқан достық пен бірлікті паш етті.