Тарихы

 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ОҚМПУ заман талабына сай Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жолдауындағы ел алдындағы болашақ стратегиялық жоспарларды іске асыру мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Соңғы жылдары ауқымды, болашақ үшін аса маңызды жұмыстар атқарылды.

Келешекте университетті халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында шетелдік университеттерімен тығыз байланыс орнатып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оқу ордасы жақын болашақта автономиялы білім беру мекемесіне айналуды өзінің басты мақсаты етіп қойды.

Сол мақсатты жүзеге асырудың алғашқы іс-шараларының бірі ретінде Назарбаев университеті моделі негізінде университеттің дербестігін кеңейту үшін ішкі құрылымдық өзгерістер жасалды.

Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңес шешімімен және институт ректоры Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың институт құрылымына өзгерістер енгізу туралы 2016 жылдың 29 тамызындағы №4-32 бұйрығы негізінде «Физика және математика» факультеті мен «Жаратылыстану» факультетінің студенттер контингентіне байланысты,  «Жаратылыстану» факультеті болып қайта құрылды. Факультеттің деканы қызметін ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Алпамысова Гүлжайна Байғонысқызы атқаруда.

Қазіргі уақытта  «Жаратылыстану» факультетінде 3 кафедра жұмыс жасайды. Олар: «Химия», «Биология» және «География».

Бүгінде факультеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 58, оның ішінде ғылым докторлары мен академик, профессорлары – 5, ғылым кандидаттары мен доценттер – 26, аға оқытушылар, ғылым магистрлері мен оқытушылар саны – 27. Жаратылыстану факультетінің кадрлық әлеуеті- 53,5 пайыз.

Жаратылыстану факультетінің құрамына төмендегі мамандықтар кіреді:

1.5В011200-«Химия»;

2.5В011300-«Биология»;

3.5В011500-«Құқық және экономика негіздері»;

4.5В011600-«География»;

5.5В012500-«Химия-Биология»;

6.5В012900-«География-Тарих»;

7.5В060700-«Биология»;

8.6М060700-«Биология»;

9.5D011300-«Биология».

                         2. НЕГІЗГІ АҚПАРАТТАР

Жаратылыстану факультетінің деканы қызметін ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Б. Алпамысова атқарады. 1989-1994 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының Химия-биология мамандығы бойынша бітіріп, 1994 жылдан 1996 жылға дейін осы институттың оқытушысы,  кейін Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің оқу бөлімінің бастығы, Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің оқу бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2011-2014 жылдар аралығында Биология кафедрасының меңгерушісі, 2014-2015 жылдары Жаратылыстану жоғары мектебінің директор орынбасары, 2015-2016 оқу жылында География кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Осы жылдар аралығында ғылым жолында ізденуші болып жұмыс жасап, 2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2. СТУДЕНТТЕР КОНТИНГЕНТІ

Жаратылыстану факультетінде 818 студент білім алуда.

Олар;

1.5В011200-«Химия»

2.5В011300-«Биология»

3.5В011500-«Құқық және экономика негіздері»

4.5В011600-«География»

5.5В012500-«Химия-Биология»

6.5В012900-«География-Тарих»

7.5В060700-«Биология» мамандықтарында  білім алады.

3. ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫПТАРЫ

Жаратылыстану факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегі бағыттар  бойынша жүргізілуде:

Жануарлар биологиясының өзекті мәселелері – Жетекшісі доцент Х.Сартаева.

Өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін сақтау – Жетекшісі доцент Н.М.  Байсеитова.

Биология пәнін оқытудың белсенді түрлері мен әдістері – Жетекшісі доцент А.Е. Айтбаева, аға оқытушы Г.С. Халыкова.

Жалпы білім беретін мектептердегі «Өлкетану» пәнін оқытудың оқу әдістемелік мәселелерін  дайындау- Жетекшісі б.ғ.к, доцент А.Ж.Тажекова

Ауылшаруашылық дақылдарын егіу алдындағы өңдеу технологиясы (Предпосевной обработки семян сельхоз культур). Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор А.М.Аширов;

       «Суда ерігіш полимерлердің коллоидты-химиялық қасиеттері және оларды қолданудың ғылыми негіздемесін жасау»  тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу. Ғылыми жетекшісі Ғ.М.Мәдібекова;

 Химияны оқытудың инновациялық әдістемесі. Ғылыми жетекшісі Шағраева Б.

       Әлсіз соғыстағы электромагнит өрісінің әсер ету механизімін  ауылшаруашылық дәнді дақылдарын егу алдында өңдеу барысындағы биохимиялық және  физологиялық процестестерді зерттеу. Ғылыми жетекшісі профессор А.М. Аширов;

       Суда ерігіш полимердің БАЗ-дармен композициалды негізінде жаңа материалдар алу. Ғылыми жетекшісі Мәдібекова Ғ.М.

4. НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕР

         Жаратылыстану факультетінде  «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері б.ғ.д., профессор Ә.Н. Халила (2006 жылы), Х.М. Сартаева (2007, 2011 жылы), Н.М. Байсеитова (2012 жылы), Г.Б.Исатаева (2018 жылы) еңбек етеді.

   

  

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 25 қараша күні 80 жылдық мерей тойын атап өтіп, университеттің ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктері мен ғылыми өміріне және жастарды тәрбиелеуге, білім беру ісіне белсенді үлес қосқан Г.Б. Алпамысова, Шағраева Б.Б., Байсеитова Н.М., Исатаева Г.Б., Халила Ә.Н., Налмишова Қ.Н., Қожабекова З.Е., Керімбаева К.А., Х.М. Сартаеваның еңбектері еленіп мерей тойға арналған медалімен марапатталды.

ҚРБҒМ жанындағы «BILIM ORKENIETY» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен 2017 жылдың «Үздік ұстазы» Биология кафедрасының доценті Гүлжайна Байқонысқызы Алпамысова, 2018 жылдың «Үздік ұстазы» География кафедрасының аға оқытушысы Қызбибі Нұржанқызы Налмишова, Химия кафедрасының доценті Райхан Әбілдақызы Қозыкеева иеленді.

Биология кафедрасының доценттері  Гаухар Захиевна Туребекова, Гүжайна Байқонысқызы Алпамысова   Германия мемлекетінің Ганновер қаласында 2-6 желтоқсан 2017 жылы өткен "Euro-eco-2017» атты  Халықаралық ғылыми симпозиумға қатысып, «Use of medicinal plants for obtaining biologically active compounds» және «Problems of waste disposal oil production (sulfur and paraffins) in Kazakhastan» тақырыптарында екі ғылыми баяндама жасады.  

Сонымен қатар, 2-12 желтоқсан 2017 жылы  "Euro-eco-2017: Environmental. engineering and legal aspects for sustainable living" тақырыбындағы  жаратылыстану ғылымдарының Европалық академиясында біліктілік көтеру бойынша Ганновер қаласында Гаухар Захиевна Туребекова ғылыми тағылымнамадан (стажировка) өтіп, сертификатқа иеленді. 

Сонымен қатар Жаратылыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы келесі семинарларға қатысты:

- Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, Үздіксіз білім беру институты, 2018 жылы «Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары» тақырыбы бойынша 72 сағат көлеміндегі біліктілікті жоғарылату курсынан өтіп, арнайы сертификаттар алды. Жетілдірілген білімін оқу үдерісін ұйымдастыруға ендіруде және оларды студенттер арасында кеңінен насихаттауда.

- Тhe use of the CLIL approach for teaching (Content and Language Integrated Learning) held on 26-29th March 2018 at the Faculty of Advanced Training, South Kazakhstan Pedagogical Universitety, Tokayev street, 27A, Shymkent city, South Kazakhstan Region, Republik of  Kazakhstan Organized by Faculty of Advanced Training, South Kazakhstan Pedagogical Universitety and Faculty of Education, Universitety of Barselona. Duration: 72 academic hours арнайы сертификатын алды.

- «PRINCE2 Project Management Foundation»  әдісінің жобалық менеджмент боынша курсын тыңдағанын куәландырады: 36 академиялык сағат көлемінде. Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 16-20 сәуір 2018 жыл.

- «Environmental, Engineering and Legal aspects for Sustainable Living», EUROECO, Hannover 2017, 02.12.2017-06.12.2017

- «Преподавание по программам обновленного содержания среднего образования», для ППС педагогических вузов РК. Казахский национальный педагогический университет им. Абая, с 08.01-12.01 2018 г., в объеме 36 часов.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының базасында «Менеджмент және кадрларды даярлау саласындағы халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандардың оқытуы» бағдарламасы аясында 2017 жылының қараша-желтоқсан айларында:

а)Ұлы Британия маманы Джулия Каллиникоудың ағылшын тілінде өткізген «Modern approachers to assessment of the learners achievements»  тақырыбы бойынша 40 сағаттық семинарына кафедра доценті Э.Б.Жаппарбергенова қатысып, сертификатқа иеленді;

б)РИПКСО маманы М.Ғалымжанова өткізген «Орта білім беру жүйесінің мазмұнының жаңартылуы» тақырыбы бойынша 20 сағаттық семинарына кафедра магистрі А.Н.Адилбекова қатысып, сертификатқа иеленді;

в) «Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың заманауи әдістері (критериалды оқу процесін бағалау және жоспарлау)» тақырыбы бойынша 40 сағаттық семинарына кафедра магистрі А.Б.Алпамысова қатысып, сертификатқа иеленді;

г)«Жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық әдістері атты» ғылыми секцияның жұмысы атқарылуда, факультеттегі студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназияда, №7 К.Спатаев атындағы мектеп лицейде және №90 жалпы орта мектепте келісімшарт негізінде орталық ашылып, жұмыс жасалуда. Кафедраның доценті Э.Б.Жаппарбергенова №2 Дарынды балаларға арналған мамандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатымен, Г.Б.Алпамысова  Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназиясымен ғылыми серіктестік туралы келісім шарт бойынша жетекшілік жұмыстарын атқаруда (келісімшарттардың көшірмелері кафедрада тіркелген).

6)Өндірістік базалармен ынтымақтастықты нығайту  үшін «Шымкент қалалық зоология саябағымен» МКҚК-мен (09.03.2017ж.),  «Шымкент қалалық  дендрологиялық саябағы» МКҚК-мен (09.03.2017ж.),   ОҚО Білім басқармасының «Экологиялық орталықпен»   бірлескен келісім-шарттар түзіліп (09.03.2017ж.), жолға қойылған жұмыстар атқарылып келеді.

2016 жылдың 5-10 сәуір аралығында Талдықорған қаласындағы Ш. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде құқық және экономика бағыты бойынша студенттердің YIII Республикалық пәндік  олимпиадасы өтіп, 5В011500-Құқық және экономика негіздері  мамандығынан қатысқан студенттердің құрама командасы (Байдулла Абдумалик-3 курс, Зиятбек Дана-3 курс, Жантай Жәудір-4курс студенті) 3-орын иеленді.

2016 жылдың 11-13 сәуір аралығында Павлодар қаласында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында биология бағыты бойынша студенттердің YIII Республикалық пәндік  олимпиадасы өтіп, 5В011300-Биология  мамандығынан қатысқан студенттердің құрама командасы (Өтеген Перизат, Оспан Алима, Сыдықова Жансая-4курс студенті) 2-орын иеленді.

2017 жылы 5В011300-Биология мамандығының командасы Павлодар мемлекеттік университетінде Х Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 3-орын иеленді.

 

2018 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадаға 5В011200-Химия мамандығы қатысып «ХХI ғасыр химия пәні мұғалімі» атты постер сайысында командалық топтың студенттері II-дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

2018 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадаға 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығынан Сағындық Жолдияр, Якияв Байсеит қатысып, 3-орын алды. Командалық топтағы Сағындық Жолдияр 1-турдағы ғылыми жоба тапсырмасы бойынша қатысқан студенттердің ішіндегі ең жоғары балл жинаған студент ретінде ерекше аталып, марапатталды.

2018 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадаға 5В011600-География мамандығынан Датқабай Досболат, Шәріпбай Нұрқабыл қатысып, 3-орын алды.

2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадаға 5В060700-Биология мамандығынан Каримжанов Шахрух, Маханбет Гүлшат, Рскельдиева Сымбат, Кишибаева Еркемай қатысып, 3-орын алды. Командалық топтағы Рыскелдиева Сымбат 1-турдағы тест тапсырмасы бойынша қатысқан студенттердің ішіндегі ең жоғары балл жинаған студент ретінде ерекше аталып, марапатталды.

 

Республикалық жарыстан жүлделі оралған команда мүшелерінің дайындық жұмыстарын Химия кафедрасының аға оқытушысы М.Шаймерденова, География кафедрасының аға оқытушысы Л.Ж.Бекмурзаева, Г.Т.Алимбекова  және Биология кафедрасының доценті Г.Б Алпамысованың кафедра базасында ұйымдастырылған «Жас химик», «Жиһангер», «Жас биолог» үйірмесінде жүргізгенін атап өту керек.

Үйірме жұмыстары

 

2018 жылы Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 116-16 тобының студенті Шығанбай Абылайхан, География кафедрасының аға оқытушысы Қ.Н. Налмишеваның жетекшілігімен 3 орын, Биология кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к. Г.Б.Алпамысова жетекшілігімен 108-15 тобының студенті Тәнеев Әкім 3 орын иеленді.

Жүлдемен оралған команда мүшелеріне және ғылыми жұмыстың жүлдегерлеріне, команда жетекшілеріне бұл жетістік шығар биіктеріңіздің алғашқы баспалдағы болсын деп тілейміз! Алда өтетін Халықаралық олимпиададан да жеңіспен оралуына тілектеспіз!

6. ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Халықаралық ынтымақтастық және білім саласындағы сыртқы байланысты нығайту мақсатында Ресей Ғылым Академиясының Биофизика институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Биофизика және биомедицина», «Генетика және селекция» кафедралары, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Н. Базанов атындағы «Физиология, морфология және биохимия», «Биологиялық қауіпсіздік», «Жеміс-көкөніс, химия және өсімдікті қорғау», «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедраларымен және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Биология» кафедрасымен келісім-шарттар жасалып, тығыз байланыс орнатылған. Жаратылыстану факультетінің дайындайтын мамандықтарына  ғылымының өзекті салалары бойынша дәріс оқу үшін сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жүргізілетін жұмыстар өте жоғары деңгейде жолға қойылып, шетелдік ЖОО-ның белгілі ұстаз ғалымдары кафедраға шақырылды. Осының айғағы ретінде 2018 оқу жылы Биология, Химия География кафедрасына келген визитинг профессорлардан студенттер дәріс тыңдады.

Академиялық ұтқырлық бойынша келіп дәріс берген оқытушылар

2017 жылдың 07.02-23.02 аралығында Португалия, PhD профессор Любчик Светлана Борисовна 5В011300-Биология мамандығына "Омырқалылар зоологиясы", «Дәрілік өсімдіктер» пәнінен дәріс оқыды.

2017 жылдың 23.01-23.02 аралығында Португалия, PhD профессор Лыгина Елена Сергеевна 5В011200-Химия мамандығына " Oxidation-redox processes (Тотығу-тотықсыздану процестері)» пәнінен дәріс оқыды.

2017 жылдың 23.03-24.04 аралығында Суэцк Канал университетінің PhD, профессоры (Египет) Мустафа Абдаллаха Мустафа Ахмед Селми 5В011600-География мамандығына "Биогеография" пәнінен дәріс оқыды.

Португалия мемлекеті Лиссабон қаласы Нова университетінен шақырылған визитинг-профессор Светлана Любчик семинар өткізуде

  

2018 жылдың 08.10-02.11 аралығында Суэцк Канал университетінің PhD, профессоры (Египет) Абдаллаха Мустафа Ахмед Селми 5В011600-География мамандығына "Ландшафтану және физикалық-географиялық аудандастыру" пәнінен дәріс оқыды.

  

2018 жылдың 05.11-30.11 аралығында Макс-Планк институтынан (Германия) профессоры Dr.Habil Райнхард Миллер 5В011200-Химия мамандығына «Chemical оf solutions (Ерітінділер химиясы)» " пәнінен дәріс оқыды.

Биология кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, белгілі зоолог, қазақ аудиториясы үшін «Зоология» оқулығын қазақ тілінде тұңғыш дайындаған автор,  б.ғ.к. Күлаш Адилбаевна Дәуітбаева 5В011300-Биология мамандығының 2 курс студенттеріне «Омыртқалылар зоологиясы», «Омыртқасыздар зоологиясынан» дәрістер оқып, оқу дала тәжірибесін ұйымдастыру әдістерімен студенттерді таныстырып, білім нәрімен сусындырды

 

ҚР БҒМ тарапынан Ы.Алтынсарин медалінің иегері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, б.ғ.к. К.А. Дәуітбаева студенттермен бірге дөңгелек үстел өткізуде

 

Жаратылыстану факультетінде География кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім берудің кәсіби маман таңдаудағы маңызы» атты семинарға Назарбаев зияткерлік, қаладағы №23, 47, 50, 4 мектебінен жоғары санатты оқытушылар шақыртылып, кең көлемде өтті.

  

Жаратылыстану факультетінде Химия, Биология кафедрасының ұйымдастыруымен  «Жаңартылған білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізу» атты семинарға №4 және Назарбаев зияткерлік мектебінен жоғары санатты оқытушылар шақыртылып, кең көлемде өтті.

Кафедра ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын төмендегі ТМД жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста атқарады: Тольяти университеті, Курск мемлекеттік университеті, Мәскеу педагогикалық университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті, ТашПИ, Омск мемлекеттік университеті,   Новосибирск мемлекеттік университеті.

2017-2018 оқу жылының 15-ші қыркүйегінде Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен Жапон мемлекетінің бір топ ғалымдарымен бірлесе «Арал теңізінің экологиясы, Аралдың бүгінгі жағдайы» аясында дөңгелек үстел өтті.

Жапония елінің делегациялары:

  1. Мистер Ёсиясу Ида, профессор, Цукуба университетінің білім беру институтының директоры.
  2. Миссис Куаныш Тастанбековна, профессор ассистенті, Цукуба университеті.
  3. Мистер Такаси Симура, профессор, Джоетсу университеті.
  4. Мистер Масатака Арай,  профессор, Гагукей Токио университеті.
  5. Мистер Тосио Асакава, профессор.
  6. Мистер Хироаки Акимото – профессор, Доккё университеті.
  7. Мистер Томохиро Хосоя – магистр, Цукуба университеті.
  8. Мистер Какимов Базархан – магистр, Цукуба университеті.

Жаратылыстану факультеті 5В012900-География-Тарих мамандығының 2 курс, 129-88 тобының студенті Қожабаев Қуаныш 2018-2019 оқу жылының күзгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Венгрия мемлекеті университетінде Тарих мамандығы бойынша білімін жалғастыруда

Жаратылыстану факультеті 5В012500-Химия-Биология мамандығының 2 курс, 125-17а тобының студенті Тоқтамыс Нұрболат  2018-2019 оқу жылының күзгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша мемлекеті университетінде Химия мамандығы бойынша білімін жалғастыруда

  

Жаратылыстану факультеті 5В011200-Химия мамандығының 2 курс, 112-37а тобының студенті Жамалбекова Бинұр  2018-2019 оқу жылының күзгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша мемлекеті университетінде Химия мамандығы бойынша білімін жалғастыруда

 

 

7. Жаратылыстану факультетінің басшылығы мамандықтардың оқу жоспарына өзгерістер енгізіп құруға, Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын талдау, бекіту, ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми дәрежесі бар мамандардарды қызметке тарту, оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыруға белгілі дәрежеде дербестік алды.

Тәрбие жұмыстары

Химия мамандығының 1-курс студенттері қатысуымен «Тұсау кесер» тақырыбындағы іс-шара​

2017-2018 оқу жылындағы Жаратылыстану факультетінің мисс арулары, 5В012500-Химия-Биология мамандығының 2 курс, 113-17 тобының студенті Қабылбек Гүлнұр және 5В011300-Биология мамандығының 4 курс,113-25 студенті

 2018-2019 оқу жылында ОҚМПУ аруларына тәжді тапсыру сәтінен. 

5В011200-Химия мамандығының 4 курс, 112-25 тобының студенті Құрманбекова Камшат 2018 жылдың «Жыл студенті» атағын, 5В011300-Биология мамандығының 3 курс, 113-16 тобының студенті Өтеген Айым  иеленді.

          

2018 жылдың 26.10-03.11 аралығында Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен «Тіл-ұлт ұйытқысы» атты апталық өткізді. Ісшара университетіміздің Рухани жаңғыру алаңында 5В011200-Химия, 5В011300-Биология, 5В01600-География, 5В011500-Құқық және экономика негіздері, 5В012500-Химия-Биология, 5В060700-Биология мамандықтарының ұйымдастыруымен баннер жасап, әр мамандық жеке-жеке концерттік іс-шара өткізіді. Студенттер тіл туралы ақындарымыздың жазған өлең-жыр жолдарына қысқаша үзінділер оқып, ән айтып, би билеп қызықты кештер өткізді.

Іс-тәжірибе

Педагогикалық тәжірибе өз бетінше жұмыс жасау барысында білім беру мекемелерінде педагог қызметінде кәсіби біліктілікті жетілдіруге, негізгі құзіреттерді пысықтауға, өзінің педагогикалық іс әрекетінде кәсіби құзіреттерді қалыптастыру және жеке стилін табуды үйретуге бағытталған.

Диплом алды тәжірибесі ҚР МЖМБС сәйкес Шымкент қ. зоопаркі, дендропаркі, Кентау қ. Қаратау мемлекеттің табиғат қорығы сияқты базаларда өтеді.

Жаратылыстану факультеті оқу және педагогикалық тәжірибеден өтуге арналған келісім шартқа ие.

Іс-тәжірибелер бойынша  қала және аудандардағы үлгілі орта мектептер  және Назарбаев Зияткерлік мектебімен (химия-биология бағытындағы):

-№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытылатын мектеп-интернат;

-Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия;

-А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей:

-М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектеп

-А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия;

-Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназия;

-Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия;

-А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия;

-С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-гимназия;

-Т.Рыскулов атындағы №25 мектеп-гимназия; 

-З. Космедемьянская  атындағы №23 мектеп- лицей;

-Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицей.

   

 

Оқу дала практикасы

       

Зертханалық жұмыстар жүргізілуде

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіповтің келуі

  

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Т. Балықбаевтың келуі