Тарихы

Тажекова Ақмарал Джаксыбековна, кафедра меңгерушісі, г.ғ.к., доцент м.а. 

 География мамандарын даярлау 2000 жылдан басталады. «Тарих және  география» мамандығын даярлауды Қазақстан тарихы кафедрасы басшылыққа  алды. 2008 жылы Геогарфия кафедрасы жеке бөлініп шықты. География кафедрасының алғашқы кафедра меңгерушісі – г.ғ.к., доцент А.А. Тоқбергенова.

2011-2013, жылдар аралығында кафедра құрамын г.ғ.к., доцент     М.Д. Мамадияров басқарды.

2016-2018 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін э.ғ.к. Г.Б.Исатаева атқарды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін г.ғ.к., доцент м.а., Тажекова Ақмарал Джаксыбековна басқаруда.

«География» кафедрасы үш мамандық бойынша мамандар даярлауда: 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері», 5В011600 – «География» және «5В012900-География-тарих».

Осы мамандықтардың студенттеріне заманауи ғылыми –педагогикалық білім беру үшін кафедрада білікті де, тәжірбиелі ұстаздар қызмет атқаруда. Олардың барлықтарының ғылыми дәрежесі мен атағы бар, атап айтқанда: 1 экономика ғылымдарының докторы, 2 география ғылымдарының кандидаты, 1 педагогика ғылымының кандидаты, 1 заң ғылымдарының кандидатты, 3 экономика ғылым кандидаты, 2 доцент, 7 магистр, 1 аға оқытушы қызмет атқарады.

Кафедраның ғылыми әлеуеті – 53%. құрайды.

Мамандарды дайындауда География кафедрасы Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвия, Египет сынды шетел және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ,  М.В.Ломоносова атындағы ММУ, ҚР ҒБМ ЖҒМБО география институты секілді отандық жоғары оқу орындарымен екі жақты ынтымақтастық байланыс орнатқан. Бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізуге арналған келісім-шарттар жасасқан.

Оқу үрдісі қазіргі заманғы оқу-әдістемелік құралдарымен, электронды оқулықтар және оқу-әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілген. Әрбір оқу жылында оқу процесіне қажетті материалдық және кәсіби оқу құралдарымен жаңаланып тұрады.

2014 оқу жылының наурыз айында ұйымдастырылған «Қаныш – қазақ ғылымының басшысы» атты облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған семинар-тренингі.

2014ж. Мальта республикасында «Дүние жүзілік №6-шы педагогикалық білімдер саласы тақырыбындағы конгресте «Қазақстан Республикасы география пәндерінен  экологиялық білім берудің мазмұны» тақырыбында аға оқытушы Қ.Налмишова ғылыми-баяндама жасады.  

Студенттер Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық бағындағы тау жыныстарымен танысуда. Алматы облысы.

«Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық бағындағы «Әнші құм» («Поющий бархан»). Алматы облысы.

 

01.04.-01.05.2017ж. күндері аралығында «География» кафедрасына Египет елінің Суец Канал университетінің PhD докторы Мустафа Селми «5В011600-География» мамандығының студенттеріне академиялық ұтқырлықпен келіп дәріс оқыды. Сонымен қатар, «Жихангер» ұйымымен ОҚО-ның физикалық-географиялық жағдайымен және киелі жерлермен танысты.

 

«География» кафедрасының сутденттері Сайрам-Өгем ұлттық паркінде, Машат шатқалында іс-тәжірибе барысында

2016 жылдың 2 қарашасында Географиядан Республикалық атаулы мектептің 25 жылдығына география кафедрасының аға оқытушысы Налмишова Қызбибі Нұржановна «ҚР географиялық білім берудегі ерекше еңбегі үшін» №061 төс белгісімен марапатталды.

 

2017 жылы э.ғ.к., аға оқытушы Исатаева Гульжан Бугенбаевна Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы» номинациясына ие болды

 

07.03.2018 ж. күні «ОҚМПУ 80 жылдығына» сәйкес г.ғ.к., доцент Қожабекова Захида Ерсултанқызы және аға оқытушы Налмишова Қызбибі Нұржановна төс белгімен марапатталды.

 

Педагогикалық біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында кафедра оқытушылары Тажекова А.Ж. және Налмишова Қ.Н. Жапония елінің Цукуба университетінде, Нәлібаев К.К. Германия елінде, Жұмағұлова Б. Испания елінде өтсе, ҚР Алматы қаласындағы Өрлеу БА орталықтарында Қожабекова З.Е., Абиева А.С., Ескерова А.С., Алимбекова Г.Т., Джанзакова М.А. және т.б. оқытушылар біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Г.Т. Алимбекова Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсынан өтті.

  

21.03.2018 ж. күні «География» кафедрасының 1 курс студенттерінің арасында магистр оқытушы А.Ескерова «Қош келдің әз-Наурыз» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

30.03.2018 ж. Жарытылыстану факультетінің «Жаңартылған білім беру бағдарламасын оқу процесіне енгізу» тақырыбындағы әдістемелік семинарында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс пен рефлексия» тақырыбында Г.Алимбекова коуч өткізді.

 

Қазақстан Республикасы ЖОО студенттерінің «5В011600-География»  мамандығы бойынша Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ұйымдастырған  Х республикалық пәндік олимпиадасында «География» кафедрасының магистрі оқытушысы Алимбекова Гульбану Тазабековнаның жетекшілігімен 3 курс 116-15  оқу тобының студенті Шәріпбай Нұрқабыл Асанханұлы  және 1 курс 116-17а  оқу тобының студенті Даткабай Досболат Манасұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

  

Қазақстан Республикасы ЖОО студенттерінің «5В011500-Құқық және экономика негіздері»  мамандығы бойынша Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ұйымдастырған  Х республикалық пәндік олимпиадасында «География» кафедрасының аға оқытушысы Бекмурзаева Лаура Жумагалиевнаның жетекшілігімен 4 курс 115-14  оқу тобының студенті Сағындық Жолдияр,2 курс 115-16 Раманова Аида,Қорғанбай Сандуғаш  және 1 курс 115-17  оқу тобының студенттері Якияев Байсейіт, Доштай Айгерім ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.