Тарихы

Бастауыш білім  және педагогика факультеті 2015 жылғы 5 мамырдағы Ғылыми Кеңестің кезектен тыс мәжіліс шешімімен, ОҚМПИ ректорының №4-329 бұйрығының негізінде жеке  факультет болып құрылды. 5В010100-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300-Педагогика және психология,   5В010500-Дефектология, 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықтары бойынша  білім бакалаврларын  дайындайды.  Бастауыш білім  және педагогика факультетінде үш кафедра бар: 1) «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы; 2) «Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология» кафедрасы; 3) «Педагогика және психология»  кафедрасы.

Факультетте дайындалатын 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагог-мамандар 1960 жылдардан бастап дайындалады. Институт тарихында болған әр жылдардағы құрылымдық өзгерістерге байланысты мамандық дайындайтын кафедра «Тарих және педагогика», «Педагогика және психология» факультеттерінің құрамында болған.

«Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасы 1960 жылы негізін қалаған. Кафедраның меңгерушісі болып Қазақстанның белгілі ғалымы А.Бектенов тағайындалған болатын, содан соң кафедраны ғалым-ұстаздар  ф.ғ.к., доцент Е.Ағманов,  ф.ғ.д., профессор К.Сыздықов, ф.ғ.к., доцент  О.Жұмашев, У.Жарқынбеков, п.ғ.к., доцент Е.Байдыбековалар басқарды. 2012-2013 жылдары «Бастауыш оқыту методикасы» кафедрасы қайта құрылып, оны п.ғ.к., доцент Е.И.Байдыбекова басқарды,  2014-2015 оқу жылында  кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент Ж.Арзымбетова, ф.ғ.к. А.Мамыт, ф.ғ.к., аға оқытушы Э.Б.Оразбаевалар басқарды. Қазіргі уақытта кафедраны п.ғ.к., аға оқытушы А.Б.Ибашова басқарып отыр.

«Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология»  кафедрасы 2015 жылғы 5 мамырдағы  Ғылыми Кеңестің кезектен тыс мәжіліс шешімімен, ОҚМПИ ректорының №4-329 бұйрығының негізінде жеке кафедра болып құрылды. Кафедраны ф.ғ.к., доцент Ж.А.Масалиева басқарады.

«Педагогика және психология» кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде  Шымкент педагогикалық институтының  құрамында 1937ж. ашылған. Осы уақыт аралығында кафедраны ғылым кандидаттары Б.Нурлыбеков, Ж.Махашев, Ж.Ысқақов, У.Жарқынбеков, К.Қаражігітова, И.С.Сманов, С.Тілеуова, А.Рысбекова, Ш.Ж.Арзымбетовалар басқарған. Қазіргі таңда, кафедраның жұмысын жалғастырып, басшылық жасау педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  Ш.Ж.Арзымбетоваға жүктелді.

Факультетте 2 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 17 магистр оқытушы жұмыс жасайды.  Ғылыми әлеуеті – 54%. Қазіргі таңда факультетке қарасты кафедралардың білім қызметі құрылымы Мемелкеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының  мазмұны, мемлекеттік қызмет бақылау талаптары, әлеуметтік мемлекеттік саясат қағидаларына сай материалды-техникалық базаның дамыған жағдайында жүзеге асырылып отыр. Арнаулы кабинеттер мен дәрісханалар заманауи жабдықтармен (компьютер, интерактивті тақта және т.б.) жабдықталған. Факультетте дайындалатын мамандықтар бойынша  білім алушыларға әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматы ретінде қалыптасуына ықпал етіп, білім саласында кәсіби қызмет мазмұнын толыққанды меңгеруіне және сапалы кәсіптік білім алуына, мәдени танымының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Институттың миссиясы – нәтижеге бағытталған білім беру негізінде қоғам мен мемлекеттік мүдде қажеттілігіне сай білікті кәсіби педагогтарды дайындау болғандықтан  «5В010100-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту», «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «5В010300-Педагогика және психология»,   «5В010500-Дефектология», «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының білім беру бағдарламалары академиялық топтардың мамандыққа қатысты өзгешеліктерін негізге ала отырып, институт миссиясына, бағдарламаның әлеуетті тұтынушыларының сұраныстарына сәйкес құрылған.

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі ұйымның түрлі типтері мен түрлері, шағын және дамытушы орталықтар, отбасылық балабақшалар, мектеп-балабақша, педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білім жетілдіру институты болып табылады.

5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысында;

-педагогикалық колледждер, білімді басқару департаментінде, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттарында мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде.

5В010300-Педагогика және психология  мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері; жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын кешенді мектептер, санаторийлік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар); бастапқы білім беру мекемелері (лицейлер); орта кәсіби білім беру мекемелері (колледждер).

5В010500-Дефектология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы – арнайы мектекпке дейінгі мекемелер мен арнайы мектептердегі (зиятында, естуінде, көруінде, тірек-қимыл-қозғалысында, психикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған) түзету, оқыту тәрбиелеу процесі болып табылады.

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалавры мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • әлеуметтік-педагогикалық – жергілікті халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне: мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыққанды өмір сүруіне арналған тиімді жағдайлар құруға көмектесу;
  • оқу-тәрбиелік – балалардың жеткіншектер мен жастардың әлеуметтенуі және тұлғалық дамуы; тәрбиелеу және оқыту процестерін ұйымдастыру, педагогикалық процесті басқару;
  • ұйымдастырушылық – әдістемелік орталықтар мен әлеуметтік қызмет көрсету органдарын құру, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін зерттеу, қорыту, тарату; жергілікті халықты заң шығарушы және басқа да құқықтық актілермен таныстыруды ұйымдастыру.