Әкімшілік

Факультет деканы

Оразбаева Эльмира Бейсенбаевна

Филология ғылымдарының кандидаты

 

Оразбаева Эльмира Бейсенбаевна 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімінің орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын үздік дипломмен бітірген.

1995 жылы  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімінің «Практикалық қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданған. 2002 жылы «Түркітаным» кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ауыстырылды.

2010 жылы ҚР БжҒМ Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ф.ғ.д., профессор Е.Ә.Керімбаевтың жетекшілігімен «Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарындағы жалқы есімдердің этномәдени, лингвостилистикалық, линговонцептологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта 10.02.02-қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, филология факультетінің декан орынбасары, ғылыми мектеп директорының орынбасары, филология ғылыми мектебінің директоры, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, «Бастауыш білім», «Бастауыш білім және педагогика» факультеттерінің деканы қызметтерін атқарған.

2013 жылы «Үздік тәлімгер», 2017 жылы «Студент жанашыры»  сертификатымен және ҚР БжҒМ «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Э.Б.Оразбаева «Мемлекеттік тілді меңгертуде жүргізілетін бақылау жұмыстары», «Мемлекеттік тілді меңгертуде жүргізілетін лексикалық минимум» (Д.Молдалиевамен бірге), «Қазақ тілі» (Б.Ысқақапен бірге) т.б. оқу-әдістемелік құралдар мен 56 астам ғылыми мақалалардың авторы.

Декан орынбасары

Аға оқытушы, магистр Абдуллаева Жазира Дайрабаевна

Абдуллаева Жазира Дайрабаевна 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін бітірген. 2014 жылы Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2013  жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедрасында магистр-оқытушы.

2015 жылы Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде дайындалған педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық оқытушылық құрамы қатарынан тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша 232 академиялық сағат көлеміндегі курсқа қатысып, сертификат алды. «Дидактика», «Гендерлік білім беру технологиясы», «Бейне және өлшем», «Бейнелеу өнері және сызуды оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздері» пәндерінен оқу құралдары мен 17-ден астам ғылыми-мақалалардың авторы.