Тарихы

 

«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының тарихы.

 

Кафедра ең алғаш тарих факультетінің құрамында 1960-шы жылы «Бастауыш мектеп педагогикасы» деген атпен ашылып 1966 жылға дейін жұмыс жасады.

         Бұл жылдары кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент А.Бектенов атқарды.

         1974–1975 оқу жылында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультеті(декан Белоглазов В.И.) ашылып, онда бір ғана «Бастауыш оқыту педагогикасы» кафедрасы ф.ғ.к., доцент Е.Ағмановтың басшылығымен жұмыс жасады. Кейін бұл кафедраны доценттер К.Сыздықов, О.Ж.Жұмашев, Ү.Жарқынбеков, Е.И.Байдыбековалар басқарды.

         1991 жылдан бастап «Педагогика және бастауышта оқытуәдістемесі» кафедрасында профессор О.А.Аяшев қызмет аткарып, меңгерушісі Б.Ысқақ, «Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» меңгерушісі доцент Е.И.Байдыбекова, «Бастауыш сыныптарда филология пәндерін оқыту әдістемесі» меңгерушісі доцент Д.А.Молдалиева болып қызмет атқарылды.

         1992-1993 жылдары кафедра О.А.Аяшев басқарған «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» факультеті құрамында болды. Осы уақыттар аралығында кафедрада Баржақсиев Ә.Т., Тәжібаева Ұ.К., Олжабаева М.О., Ергешбаева Ш.Н., Жарқынбеков Ү.Ж., Қаламбаева Ш.А., Ағманов Е.А., Нұғманова К.М., Мұхаметгалиева Б.Н., Нұрымов Ә.Н., Ысқақ Б., Қ. Молдабеков, Тоқбергенова С., Булебаева Р.У., Жаңабердиева К.А., Жанадилова Х.К., Дилинбетов К.Д., Шишкалов Н.П., Абрахманова А.Н., Момынұлы П., Молдалиева Д.А., Шойынбаев Қ., Абишев М., Жолдасова А.А., Елшибекова Э.К., Кенжеева сынды оқытушы-профессорлар жұмыс атқарды.

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітірушілер Ж.А. Тажиева Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы, п.ғ.к. Н.С.Молдабекова Сырдарья университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.к. Ж.А.Масалиева ОҚМПИ «Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Г.Б.Таутаева ОҚМПИ «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. доцент  Ш.Ж Арзымбетова ОҚМПИ «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

         2012-2013 оқу жылында «Педагогика және психология» факультеті (декан Арзымбетова Ш.Ж.) ашылды, оның құрамындағы «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бакалавры дайындалады.

         Ф.ғ.к., аға оқытушы Э.Б.Оразбаева меңгерушілік жасаған 2014-2015 жылдары кафедраның ғылыми әлеуеті, барлық бағыттағы оқу, ғылым, әдістемелік, іс-тәжірибе, тәрбие жұмыстары бойынша жоғары көрсеткіштер корсетті. 2015-2017 оқу жылдары кафедра меңгерушісі қызметін А.Б. Ибашова атқарып, жетістіктерге жетті.

5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысында;

-педагогикалық колледждер, білімді басқару департаментінде, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттарында мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде.

         Кафедра бәсекеге қабілетті жаңа дәуір мамандарын даярлау ісінде жұмыс берушілермен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және жұмыс берушілердің талаптарын орындап, оқу жоспарларындағы элективті пәндер үлесін 40% -дан 60% - ға дейін көтеру бағытында жұмыс атқарылды.

         2017 жылдың қазан айынан п.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Таутаева кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.