Филология және тарих факультеті

  1937 жылғы Қазақстанда мамандар даярлау жайлы Орталық партия комитетінің қаулысына сәйкес Республика астанасы Алматы мен кейбір облыс орталықтарында жоғары оқу орындары ашыла бастады. Осы қаулыға сәйкес  Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 19 наурыз 1937 ж. № 203 қаулысы негізінде Шымкент мұғалімдер институты ашылды. Алғаш «Тарих-филология» деп аталған факультеттің 1-курсына 1937-38 оқу жылы тұңғыш рет 120 студент қабылданды. Олардың басым көпшілігі филологтар – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мамандары болды. 1954 жылғы 7-шілдедегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің қаулысына байланысты бұрынғы екі жылдық мұғалімдер институты педагогтік институт болып, мәртебесі жоғарылап қайта құрылды.

1965 жылы 12 шілдедегі жоғары және орта арнаулы Білім министрлігінің №881 бұйрығы негізінде сол уақытқа дейін «Тарих-филология» факультеті аталып келген факультет жеке-жеке «Тарих» және «Филология» факультеттері болып  ашылды. Сөйтіп филолог мамандар даярлайтын Филология факультетінің дербес тарихы, жаңа кезеңі басталды. «Тарих-филология» факультеті болып тұрған кездерде Р.Барлыбаев, Ж.Оспанова, Ә.Ибраев, Қ.Монтаев және тағы басқалар декандық қызмет атқарды.

1965 жылы өз алдына жеке бөлінген филология факультетінің алғашқы деканы болып тәжірибелі, білікті маман Рахым Барлыбаев сайланды.

1972-1977 жылдар арасында факультет деканы қызметін филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.С.Бектұров атқарды. Факультеттің материалдық-техникалық базасы нығайды.

1977-1987 жылдары филология факультетіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Мұсақұлов басшылық етті.

1987-1990 жылдары филология ғылымының кандидаты, доцент К.Сыздықов факультет деканы болып қызмет атқарды.

1990-1999 жылдары факультетті филология ғылымдарының кандидаты, профессор О.Жұмашев басқарды.

1999-2002 жылдар аралығында факультет деканы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ө.Танабаев болды.

2002-2003 жылдар аралығында факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Бекмырза басқарды.

2003-2005 жылдар аралығында факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ө.Таукеев басқарды.

2005-2012 оқу жылдар аралығында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Айнабекова басқарды.

2012-2014 оқу жылдары аралығында факультет ұжымын филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сапарбаева басқарды.

2014-2015 оқу жылынан бастап Институт құрылымына өзгерістер енгізу туралы 29.08.2014ж. күнгі №4-91 бұйрығына сәйкес филология ғылыми мектебі болып өзгертілді. Ғылыми мектептің директорының міндетін филология ғылымдарының кандидаты Э.Б.Оразбаева атқарды.

Ал 1965 жылы 12 шілдеден бастап, тарихшы және педагог мамандарды даярлайтын «Тарих және педагогика» факультетін осы жылдар бойында И.Щетинин, Р.Барлыбаев, Ә.Ыбыраев, П.Т.Тілепов, Қ.Ж.Оразов, М.А.Ауанасов, Қ.І.Ізтілеуов, С.С.Әбубәкіров, М.Жолдасов, Б.Қ.Исабек, Б.Қ. Сапарбаев сияқты білікті ғалымдар басқарды.

            Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңес шешімімен және институт ректоры Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың институт құрылымына өзгерістер енгізу туралы 29.08.2016ж. №4-32 бұйрығы негізінде «Филология» факультеті мен «Тарих» факультеті бірігіп,  «Филология және тарих» факультеті болып қайта құрылды. Факультеттің деканы қызметін филология ғылымдарының кандидаты, доцент  Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы 

атқаруда.

         Қазіргі уақытта  «Филология және тарих» факультетінде 3 кафедра қызмет атқарады. Олар: «Тіл білімі кафедрасы», «Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы» мен «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы».

         Факультетте мына мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

- 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»;

- 5В012200 – «Орыс тілі мен орыс әдебиетін қазақ мектептерінде оқыту»;

- 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

- 5В011800 – «Орыс тілі мен әдебиеті»;

- 5В011400 – «Тарих»;

- 5В013000 – «Тарих-дінтану»; 

         Бүгінде факультеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 61, оның ішінде ғылым докторлары мен профессорлары – 10, ғылым кандидаттары мен доценттер – 31, аға оқытушылар, ғылым магистрлері мен оқытушылар саны – 20 . 

         Факультеттің ұжымы білім беру сапасын жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланып, оқулықар мен электронды оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дайындауды тиімді жүзеге асыруда. Факультеттің ОПҚ-ы алыс және жақын шетелдердегі, Қазақстан Республикасы аумағындағы халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды.

         «Филология және тарих» факультетінің дамуына көптеген үлесін қосып еңбек етіп келе жатқан ғалымдар: Нұрпейісов Н.Ж., Мамыт А.А., Сапарбаева Қ.Ж., Абдыханов У.К., Маханова Г.Б., Стычева О.А., Ибрагомова Ж., Сандыбаева Н., Алтынбеков Қ.С., Омаров Т.Қ., Әділова Ш.Д., Жаппарқұлова А., Исабекова Г.Е., Қалтайқызы Г., Маликова А.Ә., т.ғ.д., профессор Подушкин А.Н., т.ғ.к., доценттері Алдаберген М.Н., Исабек Б.Қ., Әбубәкіров С.С., Сүгірбаева Г.Д., Есимова А.Б., т.ғ.к., аға оқытушылар: Бекманова Д.М., Айтай Б.С. филос.ғ.д, профессор Қосанбаев Құрбанбек, филос.ғ.к., доценттері Арынғазиева Б.Б., Тұрашбеков Ә.Қ., Сыздықова Г.М., Шпилькин Ю.И., Бекдаулетова Қ.Д.,  ә.ғ.к Сағындықова Б.Е. және т.б.

         Оқу орнымызды бітірген  елімізге танымал ірі ғалымдар: Әбсаттар Дербісәлі, Талғат Сайрамбаев, Есенгелді Керімбаев, Амангелді Жапбаров, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, ақын-сазгер Исрайыл Сапарбаев т.б. мақтан тұтамыз.