Тарихы

Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасы

Кафедра тарихы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Масалиева Жанар Амалбаевна

Кафедра тарихы

«Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология» кафедрасы 2015 жылғы 5 мамырдағы Ғылыми Кеңестің кезектен тыс мәжіліс шешімімен және ОҚМПИ ректорының №4-329 бұйрығының негізінде жеке кафедра болып құрылды. 2011 жылдан 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010500-Дефектология мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындайды. Кафедрада 8 ғылым кандидаты, 1 PhD, 6 аға оқытушы, 8 магистр-оқытушы жұмыс жасайды.  Ғылыми әлеуеті – 44,4 %.

Кафедраның аға оқытушысы Ж.Б. Балажанова «Ы.Алтынсарин» (2015) төсбелгісінің,  ф.ғ.к., доцент Ж.А.Масалиева «Білім беру ісінің үздігі» медалінің (2013) иегерлері, ф.ғ.к., аға оқытушы К.Н. Даркулова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2005), п.ғ.к., аға оқытушы Т.Ә.Тұрмаханова ҚазТест сарапшысы.

Білім беру барлық мамандықтарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010500-Дефектология мамандықтар бойынша 449 студент оқиды. Білім беру процесінде көптілді білім беру бағдарламасы бойынша 43 студент 50% – оқыту тілінде, 30% – екінші тілде, 20% – ағылшын тілі үлесі бойынша білім алуда.

2018-2019 оқу жылында 6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6М010500-Дефектология мамандықтары бойынша магистратруа ашылды.

Академиялық ұтқырлық бойынша кафедра Польша, Түркия, Латвия, Ресей елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алыс және жақын шетелдерде біліктілігін арттырып, тағлымдамадан өтуде. Студенттердің шетелдерде білім алуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік жасалған. Халықаралық келісім негізінде Бургас Свободен университетінің (Болгария), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің (Ресей) «Логопедия және психолингвистика», «Мектепке дейінгі педагогика» кафедраларының ғалымдарымен байланыс орнатылған.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алыс және жақын шетелдерде біліктілігін арттырып, тағлымдамадан өтуде:

Аға оқытушылар К.Н.Даркулова Цукуба университетінде (Жапония), С.Ә.Тұрмаханова Лиссабон университетінде (Португалия), Д.Қожабаева Гази университетінде (Түркия), Ұ.Ж.Құдайбергенова Н.П. Драгоманов атындағы ұлттық педагогика университетінің коррекциялық педагогика және психология институтында (Украина), Ж.М. Каипова мен Б.А.Аяпова Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде, А. Шатаева Бургас Свободен университетінде (Болгария);