Олимпиада жеңімпаздары оқу грантын жеңіп алды

08.01.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде мектеп оқушылары арасында 14 пән бойынша облыстық білім олимпиадасы өтті. Оған Түркістан облысы мектептерінен 1 мыңға тарта оқушы қатысты. Университет оқытушылары олимпиаданың  белгіленген талап деңгейінде өтуіне барынша атсалысып,  білімі терең, үздік оқушыларды іріктеп алуға тырысты. Педагогтар  биылғы  сайысқа қатысқан оқушылардың білім деңгейінің анағұрлым жоғары болғанын айтады. Әсіресе мамандандырылған "Дарын" мектептері шәкірттері өзгелерден озық екенін дәлелдеген. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлерге Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы іргелі жоғары оқу орындарының білім гранты табысталды.