Әкімшілік

Факультет деканы Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақстан ПҒА академигі

 

        Медеубек Жұматайұлы 1983-1990 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты, Көркем сурет және графика факультетінің сурет, сызу және еңбек мамандығын бітірген.

1990-1991 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданына қарасты «Большевик» орта мектебінде сурет, сызу және еңбек мұғалімі болып жұмыс атқарған.

1991-1995 жылы Қ.А.Иассауи ат. ХҚТУ-нің Шымкент педагогикалық институты, Көркем сурет және графика факультетінің Сурет кафедрасында оқытушы, 1995-2005 жылдары М.Әуезов ат. ОҚМУ-нің «Сурет және Кескіндеме» кафедрасының аға оқытушысы, доценті, 2005-2012 оқу жылдары М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының меңгерішісі қызметтерін атқарған.

       2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының шақыртуымен Академиялық ұтқырлық және ХБ басқармасының бастығы, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, Жаңа технология және өнер ғылыми мектебінің директоры қызметтерін атқарды.

2004 жылы 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.

2005 жылы Педагогика саласының «Доцент» атағын алған.

2006 жылдан Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі.

2010 жылы 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғаған.

2007, 2014 жылдардың ҚР БжҒ министрлігі, «ЖОО-ның үздік оқытушысы мемлекеттік грант иегері»  

150-ден астам ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрген, оның ішінде 3-монография, 2-оқулық, 20-оқу құралы, оның 3-оқу құралы Білім және ғылым министрлігінің грант иегері, 15-әдістемелік құралдар, 20 - ЖАК тізіміндегі шет елдердің және Қазақстан  ғылыми жұрналдарында, 100-ге жуық мақалалары халықаралық, аймақтық, республикалық ғылыми практикалық конференцияларында ғылыми еңбектер жинағында жарық көрген.

      Жетекшілігіммен қазіргі таңда 5-ізденушісі педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғады (З.Айдарова, П.Абашова, Б.Айдарбек, С.Түрікпенова, Г.Нуржанова) сондай-ақ 20-дан астам Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғатып шығардым және  сонымен қатар ғылыми ізденушілерге жетекшілік етіп келеді.

        2015 жылы  ҚР БжҒ министрлігінің «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі, 2016 жылы «Білімге сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Евразия Дизайнерлер одағының медалінің иегері(2016).

        2017 жылы 13 мамырдан Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі.

         Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған «ӨЗ ЕЛІМ»- «МОЙ КАЗАХСТАН» көркемсуреттер сериясын құру көркемдік форумы іс-шаралар аясындағы «Қазақстан өнері: кеше, бүгін, ертең» ҚР Мәдениет министрлігінің 1 ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен, жаңашыл-педагогтардың екінші форумында «История изобразителного и декоративно-прикладного искусства» оқу құралы үздік оқу құралы номинация бойынша 1 дәрежелі дипломның иегері.

        Халықаралық «Жігер» фестивалінен, халықаралық, республикалық, облыстық шығармашылық көрмелерге қатысушы, көптеген мақтау қағазы мен алғыс хаттардың иесі.