Тарихы

Алена Төребекқызы Досбағанбетова

ҚР Мәдениет саласының үздігі, кафедра меңгерушісі.

 

Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық университет​і

Кәсіптік-шығармашылық факультеті 

Музыкалық білім кафедрасы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Музыкалық білім кафедрасының тарихы 1994 жылдан басталады. «Мәдени тынығу жұмыстарын ұйымдастыру» мамандығы негізінде қалыптасқан. Кафедра меңгерушісі қызметін Ә.Нұрымов (1994-1996), Д.А.Кемешов (1996-1998), С.Жақсыбеков (1998-2003), Қ.Ә.Шойынбаев (2003-2007), А.Ж.Утешева (2007-2011), Л.Ш.Арипбаева (2011-2013),  И.М.Куленова (2013-2015) атқарды. Кафедраны 2015 жылдың қазан айынан бастап ҚР Мәдениет саласының үздігі, доцент м.а. А.Т.Досбағанбетова басқарады.

Музыкалық білім кафедрасында  2 ғылым кандидаты, 1 ҚР Мәдениет саласының үздігі, 4 ҚР Мәдениет қайраткері,  10 магистр аға оқытушы, 3 аға оқытушылар қызмет атқарады. Кафедра оқытушылары өз саласының білікті мамандары 5В010600-Музыкалық білім мамандығы ән айту, хорды дирижерлау дағдылары, музыка-теориялық және әдістемелік білімдері жоғары деңгейдегі студенттерді дайындайды. Әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауға (домбыра,қобыз,баян,бас-домбыра,фортепиано), балалар хорына жетекшілік етуге, халық ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастыра білуге және фольклорлық ансамбльге жетекшілік етуге, академиялық және эстрадалық бағытта ән айтуға үйретеді. Кафедрада хор ұжымы (жетекшісі Г.Е.Пернебекова), Түркия мемлекетінің Ялово қаласында өткен «Түрік тайпалары» түркі тілдес халықтары фестивалінің жүлдегері «Қазығұрт» фольклорлық ансамблі, (жетекшісі А.М.Қарсыбаева), «Өнер» студенттік ғылыми-шығармашылық үйірмесі (жетекшісі М.С.Смаилова) маңызды орын алады. Музыкалық білім кафедрасының оқытушылары мен студенттері көптеген жоғары деңгейдегі облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанып келеді. Халықаралық байқаулардың лауреаттары А.Қарсыбаева (Ресей, Андорра), Ұ.А.Байбатырова, халықаралық интернет-байқаулардың жеңімпаздары: А.Алижанова (Ирландия)-жетекшісі кафедра меңгерушісі А.Досбағанбетова; Е.Сәбит (Франция, Ұлыбритания, Австрия)-жетекшісі аға оқытушы А.Карсыбаева, Ж.Ерсінбек(Франция), А.Злаева(Испания)-жетекшісі аға оқытушы Ш.Арыстанова, А.Айтбай (Дания)-жетекшісі аға оқытушы С.Байбатшаева, Н.Пірімова(Ирландия)-жетекшісі аға оқытушы Р.Таубаева. Облыстық, Республикалық байқаулардың лауреаттары:Д.Баратов, Н.Айлез, А.Мұзаппаров, М.Аманжол, Р.Әуесхан, М.Өтемұратова, Д.Нұрпопа, Ә.Рүстембек жетекшісі: А.Т.Досбағанбетова.

Кафедраның мақтаныш-түлектері: ҚР Еңбегі сіңген қайраткері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері А.Жорабаева, жылдың «Ең үздік опера орындаушысы» номинациясы иегері Е.Жандарбай, ҚР Мәдениет қайраткері Х.Шалабаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары:Республикалық «Жас қанат», Халықаралық «Азия дауысы» байқауының лауреаттары, Ә.Жақсыбеков, сазгер Б.Қажымұқанов, «Асыл арна» телеарнасының жүргізушісі, айтыскер-ақын Қ.Абзалов, «Қазақстан дауысы» бауқауының «Қазақстан барысы» атағының жеңімпазы Д.Қайратұлы, облыстық, республикалық байқауларының жеңімпаздары С.Сейтимова, Т.Дауытов, Қ.Тәңірбергенов, С.Еділбаева, Д.Тұрсынбаев, Ж.Шәріп және айтыскер-ақын С.Жұмаділ.