Ұлттық қолөнер-құнды қазына

30.01.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті кәсіби-шығармашылық факультетінің 4 курс  студенттері курстық жұмыстарын қорғап шықты.  Олар жұмыстарына тақырып етіп киіз басуды  таңдаған. Киіз басу- қазақ халқының  дәстүрлі әрі көпшілікке кеңінен танымал өнері. Курстық жұмысын сәтті қорғап шыққан студенттер енді мұнымен шектелгісі келмей отыр. Бұл тақырыпты дипломдық жұмыстарына негіз етіп алмақ. Кәсіби білім және  бейнелеу өнері   кафедрасының меңгерушісі Айдай Байбатшаеваның  айтуынша  студенттер киіз басу тақырыбындағы жұмысқа  асқан  қызығушылықпен кіріскен. Осылайша университеттің студент жастары ұлттық қолөнерді үйреніп, оны кеңінен насихаттауға ат салыспақ.