ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДЕБИ ӘЛЕМІ

31.01.20

Оңтүстік қазақстан мемелекеттік педагогикалық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДЕБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Алыс-жақын шетелдерден,  Қазақстан республикасы ЖОО, ғылыми-зерттеу орталықтары  мен орта мектептерден 140 тан аса мақалалар келіп түсті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің докторы, профессор- Конуралп Ержиласун –  Түркия мемлекеті.,  «Farabi devrinde Türk boylari ve medeniyeti» атты тақырыпта, педагогика ғылымдарының докторы «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының доценті  Тәңірбергенов Медеубек -  «Әбу Насыр Әл-Фараби өнертанудың негізін салушылардың бірі» атты тақырыпта ; Арнайы №1 мамандандырылған мектеп интернатының оқытушысы Рубанов Руслан  «Содержание и методы реализации этнокультурного компонента в обучении русскому языку  и литературе школьников в школе с не русским языком обучения»;  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD докторы , Нұриманов Бекарыс   «Әл-Фараби заманындағы ғылым мәселесі және оның әдебиеттегі көрінісі»;  «Мектепке дейінгі  және арнайы педагогика» кафедрасының магистр аға-оқытушысы Қожабаева Динара, «Әл-Фараби еңбектеріндегі рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі» атты тақырыптарда баяндамалар жасады. Пленарлық мәжілісте баяндалған ғылыми мақалалар қызу талқыланып, қорытынды ұсыныстар берілді.  Конференцияға келіп түскен баяндамаларды ғалымдар 5 секциялық мәжілістерде баяндап, конференцияның қорытынды мәжілісінде қарарға ұсынды.