Тарихы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кәсіптік-шығармашылық факультеті

«Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы

«Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының

      меңгерушісі п.ғ.к., доцент м.а. А.Е. Байбатшаева

 

«Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының тарихы 1956 жылы құрылған «Еңбекке баулу және кәсіптік оқыту мұғалімі» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар дайындаған  «Кәсіптік оқыту» кафедрасынан басталады. Физика-математикалық, физикалық және инженер-педагогикалық факультеттерінің құрамында болған жылдары мамандық атауы «Өндіріс негіздері және физика» (1960-1970), «Жалпы техникалық пәндер, еңбек және физика» (1970-1980), «Еңбек», «Жалпы техникалық пәндер» (1980-1990)  болып заман талабына сай өзгертіліп отырды.

1969 жылы «Сызу және сурет» мамандығы ашылып, «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы, 1991 жылы «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы құрылды.

Кафедраны ұзақ жылдар бойына жоғары білікті мамандар, жастарды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау саласында қызмет атқарған ғылым педагогтар басқарған.  Олардың ішінде М.С.Сәрсенбаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов, Д.К.Пошаев, Е.Д.Мейірбеков, С.А.Мошкин, Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбековалар бар.

Институт қайта құрылған 2011-2012 оқу жылында осы екі кафедраның негізінде Ғылыми кеңес шешімімен «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы ашылды.

1958 жылы алғаш рет 500 шаршы метрлік бір қабатты темір кесумен, ағаш жонумен айналысатын оқу шеберханасы пайдалануға берілді. 1962-1963 оқу жылында институтта металлдар технологиясы лабораториясы, механика техникасы мен техникалық пәндердің негізін беру әдістемесі лабораториясы жабдықталды. Институт тарихындағы кәсіптік пәндерге арналған шеберхана негізі осылай қаланды.

Кафедра құрамында қазіргі таңда 18 оқытушы-профессор болашақ ұстаздарға білім мен тәрбие беруде аянбай еңбек етуде. Оның ішінде 3 педагогика ғылымдарының докторы, 3 профессор, 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 4 доцент, 1 ҚР Мәдениет қайраткері, 1 ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 1 ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, 6 аға оқытушы, 6 магистр оқытушы бар. Кафедра «Кәсіптік оқыту», «Бейнелеу өнері және сызу»,  «Дизайн» мамандықтары бойынша білім бакалаврын даярлайды.

Кафедрада мемлекеттік грант жүлдегерлері «ЖОО Үздік оқытушысы»  п.ғ.д., профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының  академигі М.Ж.Тәңірбергенов, п.ғ.д.,профессор К.А.Дүйсенбаев, п.ғ.к., профессор м.а. Д.Қ.Пошаев сынды танымал ғалымдар  қызмет атақарады.  Кафедраны п.ғ.к., доцент м.а. А.Е.Байбатшаева басқарады.

Кафедра түлектерінен 1 ҚР Педагогика Ғылымдар Академиясының академигі, 2 ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, 15 ғылым докторы, 40 ғылым  кандидаты шыққан. Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, аудан әкімі болған  п.ғ.к. Сарманов Ерғали Сатыбалдыұлы сынды кафедра түлектері – институт мақтаныштары.

ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадасында 2-орын, VIIІ Республикалық пәндік олимпиадасында 1-орын иеленді.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VIIІ Республикалық пәндік олимпиадада 2-орын, ІХ Республикалық пәндік олимпиадада 3-орынды иеленді.

Институтта 2017 жылдың 6-7 сәуір күндері «Кәсіптік оқытуды модернизациялау – адами капитал сапасын арттыру басымдылығы» тақырыбы  аясында  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің    «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша IX Республикалық пәндік олимпиадасы жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді. Олимпиадаға 22 жоғары оқу орындары  қатысты.

Кафедра  ұжымы

  

Қазақстан білім және ғылым министрлігі ЖООдепортаменті басшысының  оқу материалдық базамен танысуы.

 

Кафедра мұражайы.

«Ұлы дала ұрпақтары» атты халықаралық суретші-ұстаздар симпозиум сәті

ІХ Республикалық пәндік олимпиадасында 3-орынды иеленген сәті

IX Республикалық пәндік олимпиадасынан көрініс.

 IX Республикалық пәндік олимпиадасында жеңімпаздарды марапаттау сәті.

 

Оңтүстік үздік тәлімгер иегері Қалыков А.Ш.

Тігін шеберханасы

Метал өңдеу шеберханасы

Ағаш өңдеу шеберханасы

Қолөнер шеберханасы