Ғылыми жұмыстар

     2016 жылы 23-24 қаңтарда ОҚМПИ,  Жаңа технология және өнер факультеті, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының ұйымдастыруымен «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ: КӨРКЕМ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конфенренцияға өтті. Конференция заманауи педагогикалық көркем білім беру мәселелерін зерттеп жүрген ЖОО ғалымдарының, докторанттар мен магистрантардың, суретші-ұстаздардың, орта мектептерде дәріс беретін   бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу нәтижелері мен көкейкесті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар конференция барысында педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Ж.Тәңірбергеновтің ұйымдастыруымен «ШЫМҚАЛА ҚАҢТАРЫ» атты табиғат аясындағы Республикалық пленэр байқауы өтті. Институт фойесінде Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының ұстаз ғалымдары мен студенттерінің ғылыми шығармашылық жетістіктері мен еңбектері көрмесімен келген қонақтарға таныстырылды.

    Конференцияға қатысуға бейнелеу өнерін зерттеуші ғалымдар, суретші-ұстаздар, мектепте бейнелеу өнері пәні мұғалімдері, ЖОО-ның бейнелеу өнері және сызу, өнер мамандығы студенттері мен магистранттары, докторанттары және қонақтар Абай ат. ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры п.ғ.д., профессор Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы, Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ-і п.ғ.д., профессор Ералин Куандык Ералыұлы, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері пәні мұғалімі Жүзеева Ләззат Ергешқызы, Шакарим ат. СМУ, Бейнелеу өнері және сызу кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, ҚР суретшілер және Дизайнерлер одағының мүшесі Мырзаханов Мадвакас Сексенбайұлы, Назарбаев зияткерлік мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Бейсенова Мира Сембайқызы, Жансүгіров атындағы ЖМУ п.ғ.к., доцент Адамқұлов Нуралы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і п.ғ.д., доцент Сәдібек Бейсенбаев, Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ-і Бейнелеу өнері және сәндік өнер кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ержан Әуілбековтер қатысты.

Ұйымдастыру алқасы

 Б.Қ. ИСАБЕК - ОҚМПИ, Бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор, Шымкент

А.Б. НҰРЛЫБЕКОВА – ОҚМПИ, ғылыми ісі жөніндегі проректоры, Шымкент 

Б.А.ӘЛМҰХАНБЕТОВ - Абай ат. ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры п.ғ.д., профессор, Алматы 

Қ.Е.ЕРАЛИН - Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ –і,  п.ғ.д., профессор, Түркістан

М.Ж.ТАНИРБЕРГЕНОВ – ОҚМПИ, Жаңа технология және өнер факультетінің деканы п.ғ.д., доцент. Шымкент.

 С.Қ. БЕЙСЕНБАЕВ – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і п.ғ.д., доцент

Д. ПОШАЕВ - ОҚМПИ, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының профессор м.а. п.ғ.к., Шымкент

А.Е.БАЙБАТШАЕВА - ОҚМПИ, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., Шымкент

Ұ. КОНАҚБАЕВА - ОҚМПИ, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының  PhD докторы, Шымкент

Г.Д.ЖОЛДАСБЕКОВА - ОҚМПИ, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының магистр-аға оқытушы, Шымкент

А.Ш.КАЛЫҚОВ - ОҚМПИ, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының магистр-аға оқытушы, Шымкент

 

 

     1-ші КҮН. 23- қаңтар 2016 жылы «ШЫМҚАЛА ҚАҢТАРЫ» атты бейнелеу өнері мамандығы студенттері мен магистранттары арасындағы табиғат аясындағы Республикалық пленэрлік байқауына келген қонақтармен сұхбат жүргізіліп, пленэрлік байқауға келген студенттер Шымкент қаласының демалыс орындарына үміткерлердің таңдауы бойынша бөлінді.

Шымкент қаласы Тәуелсіздік саябағы. Табиғат аясында сурет салуда.

 

 

Шымкент қаласы Наурыз алаңы. Табиғат аясында студентер сурет салуда.

 

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының ұстаз ғалымдары мен студенттерінің ғылыми шығармашылық жетістіктері мен еңбектері көрмесі

 

2-ші КҮН. 24 қаңтар 2016 жыл ОҚМПИ бас ғимаратында «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ: КӨРКЕМ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ» тақырыбы аясында  «ҚАЗАҚСТАНДА СУРЕТШІ ҰСТАЗДЫ ДАЙЫНДАУ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» атты Республикалық ғылыми - әдістемелік конференция өткізілді.

 

ОҚМПИ тәрбие-істері жөніндегі проректоры Байғұтова Ахлима Мархабатқызы конференцияға қатысушыларға сәтілік тілеп алғы сөзге шықты.

 

«ШЫМҚАЛА ҚАҢТАРЫ» атты Республикалық пленэрлік байқауының Бас жүлдесімен    Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенті Нарметов Қодир марапатталуда.   

1 орын иегері ОҚМПИ студенті Жарасбекова Слушаш  Оразгелдіқызы марапатталуда.

2- орын иегері Шәкәрім атындағы Семей МУ студенті Шаяхметов Үсен марапатталуда.

3-орын иегері Сырдария университетінің Құратаев Мырзагелді Ұбнажұлы марапатталуда.

       Сонымен қатар пленэр байқауының 5 дипломант, барлық қатысушы студенттер сертификатпен және жетекшілері алғыс хаттармен марапатталып қонақтарға Шымқалаға серуен ұйымдастырылды.

Республикалық конференция және пленэр байқауын ұйымдастырушы Жаңа технология және өнер факултетінің  деканы, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы  Медеубек Жұматайұлы Тәңірбергеновтің 50 жасқа толуына арналған құттықтаулар.

       

ОҚМПИ, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп гимназиясымен ЖУТҰО-ның бірлестіктегі үш жақты келісім шарты негізінде  Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында  «Он саусағынан өнер тамған» тақырыбында өткізілген шығармашылық көрме өткізілді.

   

  

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Жаңа технология және өнер факультетінің деканы п.ғ.д., профессор М.Ж. Тәңірбергеновтың ғылым-ағарту саласына қосқан үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан газетінің 9 қаңтар 2016ж. №2,3 санында «Төрт саны немесе Медеубектің әсемдік әлемі» атты мақала жарияланды. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейіне арналған «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ» атты халықаралық суретші – ұстаздар  симпозиумы

 3 қараша 2016 жылы ҚР БжәнеҒМ, ОҚО, ОҚМПИ, ОҚО Бейнелеу өнері музейі бірлестігінде, Жаңа технология және өнер, Сәндік өнер орталығының оқытушылары, студенттері мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейіне арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» атты шығармашылық көрмесін ОҚО Бейнелеу өнері музейінде Оңтүстік өнер сүйер қауымына тарту етті.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы  Әбілқасым Досболов, жазушы Мархабат Байғұт қатысып суретші ұстаздарға сәттілік тіледі.

Көрмеге жалпы саны 121 туынды қойылды. Оның: 44-і кескіндеме, 24-і гобелен өнері бойынша,  53 қолөнері бұйымдары.  Майлы  бояумен салынған суреттер, гобелен, киіз басу, ши тоқу технологиялары бойынша қолөнер туындылары, ұлттық аспаптар, кәдесыйлар көрермен назарына ұсынылды.Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейіне арналған «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ» атты халықаралық суретші – ұстаздар  симпозиумы жоғары деңгейде өтті

Өнер атаулының жанкүйері, оқу ордамыздың ректоры Оңалбай Аяшев мырзаның қолдауымен 2016 жылдың 3 -5 қараша аралығында ҚР БжәнеҒМ, ОҚО, ОҚМПИ, ОҚО Бейнелеу өнері музейі бірлестігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейіне арналған «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ» атты халықаралық суретші – ұстаздар  симпозиумы өз мәресіне жетті. Жауапты хатшы Жаңа технология және өнер факультетінің деканы Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлы ұйымдастыру жұмыстарын толығымен өз міндетіне ала отырып, симпозиумның жоғары деңгейде өтуіне ықпалын тигізді. Симпозиумға жалпы өтініш беріп қатысқанқандар саны -25, оның 5-і әділқазылар алқасынан құралды. Шет елдерден ҚХР, Ресей,

Өзбекстан республикасынан келген қатысушылар болды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы  Әбілқасым Досболов, жазушы Мархабат Байғұт қатысып суретші ұстаздарға сәттілік тіледі.

  

Симпозиум заманауи педагогикалық көркем білім беру мәселелерін зерттеп жүрген ЖОО ғалымдарының, докторанттар мен магистрантардың, суретші-ұстаздардың, орта мектептерде дәріс беретін бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу нәтижелері мен көкейкесті мәселелері бойынша шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып, Симпозиум барысында Шымкент және Түркістан қалаларында «ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛА», «ОҢТҮСТІК КӨНЕ КӨЗДЕРІ», атты табиғат аясындағы пленэрлік жұмыстар орындалды.

Симпозиум қорытындысы бойынша:

Бас жүлде: Х.Досмұхамедов ат. Атырау МУ-нің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер,  Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Кендір Отарбай Қанатұлы иеленді.

  

1 орын: Семей қаласы, Шәкәрім ат. Мемлекеттік университеті профессоры, ҚР Сурешілер одағының мүшесі, академик Макаров Гумар Ескендірұлы.

2 орын: Семей қаласы, Шәкәрім ат. Мемлекеттік университеті, ҚР Сурешілер одағының мүшесі,  Жұванышев Тлеуғазы  Рахымұлы.

  

3 орын  Орал қаласы. Құрманғазы  ат. Саз  колледжі. СҚӨ және дизайн бөлімінің оқытушысы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Шаблиев Хайдар Камалович, Көкшетау қ.,  Ш.Уәлиханов ат. КМУ-і, ҚР Суретшілер, Еуразия Дизайнерлер одағының мүшесі Шүйінішев Әділбай Шәңгерейұлы, ТаразМПИ, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ибраева Айжан Сакенқызы марапатталды. Қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар тапсырылды.

  

Дамыған 30 елдің қатарындағы елдермен бірге маңдай алды ұлт болуға, мемлекеттік тілді, халқымыздың өткен тарихы мен мәдениетін, өнерін жетік білетін, қазақтың  жанын  ұға алатын, туған елінің жанашыры бола алатын, өз елінің бәсекеге төтеп бере алатын нағыз маманын дайындау елі сүйген Елбасымыздың алдымызға қойған басты міндеті болғандықтан, бұл суретші-ұстаздардың симпозиумында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейіне арналған «Оңтүстік көне көздері», «Шырайлы Шымкент» шаhарын бейнелеу өнері арқылы көпшілікке насихаттап, бейнелеу өнері талант иелерін анықтап, дарынды ұстаздарға қолдау көрсетіп, шығармашылық туындыларынан облыстық бейнелеу өнері музейінің көрме залында өнерсүйер қалың жұртшылықтың назарына ізгі ниетпен ұсынды.