Әкімшілік

 

Әкімшілік 

Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы 1965 жылы 5 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отрар ауданы Шәуілдір елді мекенінде дүниеге келген. 1982 жылы Түркістан ауданындағы Чапаев колхозындағы, Қазақстанның 30-жылдығы атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, Чапаев колхозда колхозшы болып жұмыс істеген.

1983 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының Спорт факультетінің дене тәрбиесі мамандығы бойынша оқуға қабылданды. 1985 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырылып, Прибалтика қалаларында әскерлік борышын 1987 жылы өтеп, елге оралған.

1983-1989 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын дене тәрбиесі мамандығы бойынша күндізгі бөлімін аяқтаған.

            1989- 1999 жылдары Кентау қаласындағы СПТУ-16, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған.

2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Кентау бөліміндегі Гуманитарлық пәндер кафедрасының дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы қызметіне конкурстық негізде жұмысқа қабылданып 2004 жылы аға оқытушы қызметіне ауыстырылды, сол жылы экология факультетінің оқу-ісі және ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары қызметіне тағайындалды. 2006 жылы Педагогика факультетінің деканының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.

            2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушы қызметіне қабылданды.

2007 жылы 10-желтоқсан күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы құрылған диссертациялық кеңесте педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Тойлыбаевтың жетекшілігімен «Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың педагогикалық шарттары» атты тақырыбында кандидаттық диссертациялық жұмыстарын қорғанды. 30-ғылыми мақаласы, 1-оқу әдістемелік құралы жарық көрді.

2008 жылдың 1-қыркүйекінен бастап Спорт және өнер факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

            2013 жылдың қазан айынан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

            2018-2019 оқу жылынан бастап Дене шынықтыру және спорт факультетінің декан қызметін атқарып келеді.