Тарихы

Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық кафедрасы

Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы Кафедра меңгерушісі,педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

«Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» кафедрасы 2015 жылы «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» факультетінің құрамында құрылды.

  Кафедрада:

1.   5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт».

2. 5В010400-«Бастапқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша білім бакалаврларын даярлайды.

Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент  Ө.Ж.Тұрысқұлов атқарады. Кафедрада 13 оқытушы-профессор құрамы қызмет атқарады. Оның ішінде 2-п.ғ.к., профессор, 2-п.ғ.к., доцент, 1-х.ғ.к., аға оқытушы 1-тех.ғ.к.,  аға оқытушы және 6-аға оқытушылар, 1-оқытушы  еңбек етуде. Кафедраның ғылыми әлеуеті 46% құрайды.

Аталған мамандықтар бойынша 335 студент білім алады, оның 107 мемлекеттік  білім гранты негізінде оқиды.

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

          5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша  профессор-оқытушылар құрамы студенттерге теориялық білім берумен қатар, спорттың әр түрінен спорттық базалары бар спорттық кешендер және спорт мектептеріндегі жаттықтырушылармен сапалы түрде оқу-жаттығу үрдістері жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде студенттеріміз Республикалық және Халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетуде. 

           Әлемнің озық үлгілеріне сай жоғарғы білікті және еңбек нарығында қажет болып табылатын мамандар даярлауда кафедра  ұжымы өз үлестерін қосуда. Мамандық студенттерді Азия және Әлем біріншіліктерінде өнер көрсетіп, көптеген жетістіктерге жетуде. 

Атап айтсақ:

   - нысана көздеуден  жастар арасында Әлем чемпионатының  жеңімпазы,  VII – жазғы универсиадасының чемпионы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері IV курс студенті Карол  Елизавета.                                   

- садақ атудан Азия чемпионы,  Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, ҚР жеңімпазы, Универсада 2015 ж жеңімпазы IV – курс студентті Сайдиева Луиза.

   - каратэден ҚР халықаралық дәрежеде спорт шебері, жас өспірімдер  арасындағы ҚР және Азия, Әлем чемпионаттарының  күміс    жүлдегері IV курс студенті  Түзел Таукехан.

               

Сайдиева ЛуизаХалықаралық дәрежедегі спорт шебері, 108-82 тобының студенті.

Лунина Елизавета Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 108-82 тобының студенті.

Түзел Таукехан Халықаралық дәрежеде спорт шебері, 108-12 тобының студенті.

Мамандық түлектерінің болашақ қызмет орындары:

5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврларын мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • дене шынықтыру және дене тәрбиесі оқытушының тәрбиелік, білім беру, спорттық, ұйымдастыру және сауықтыру жұмыстары;
  • спорт түрлері бойынша жаттықтырушы ретінде мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде спорт түрлері бойынша топтарда жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
  • жаттықтыру процессін ғылыми тұрғыдан негізделген жаттығу құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз ету;

      -    дене шынықтыру және спорт бойынша, жарыстар өткізу және төрешілік жасау.

5В010400-«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы

      5В010400-«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім бакалаврларын даярлайды.

      5В010400-«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-  орта арнаулы білім мекемелері;

-  орта арнаулы білім мекемелер, мектеп, интернаттар;

-  лицейлер, гимназиялар;

-  кәсіптік техникалық оқу мекемелері;

-  білім беру басқармалары.

     

                                                       «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының командасы VIІ-Республикалық  пән олимпиадасына ашылу салтанатының шеруіне қатысу сәті                          .

                     

                                           «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы командасының VIІ-Республикалық пән олимпиадасында (Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ) жүлделі ІІІ-орынға ие болып, марапатталу сәті .

 Кафедрада «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі жұмыс жасайды.Жоғары білікті мамандар даярлау және оқу-дайындық үдерісін жоғары деңгейде жүзеге асыру мақсатында кафедра төмендегі материалдық-техникалық базамен жабдықталған: саптық алаңы, атыс дайындығы, тактикалық дайындық, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс, қару-жарақ сақтау қоймасы, әдістемелік аудиториялар.Кафедрада «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі жұмыс жасайды.

«Жас сарбаз» әскери -патриоттық үйірме мүшелері  жаттығу үстінде

Кафедраның материалдық-техникалық базасы, сонымен қатар оның әскери жабдықтармен  қамтамасыз етілуі оқу үдерісінің және әскери-патриоттық тәрбиесі тиімділігін арттырады.

Ауған соғысы аяқталуының 26 -жылдығына орай еске алу салтанатына қатысу сәті