Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы

13.03.20

Университетте «ЖОО-ғы жаңартылған білім мазмұны-бәсекеге қабілетті маман дайындаудың негізі» атты семинар  өтті.  Оған Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ   Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, Назарбаев Зияткерлік  мектебі мен Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептерінің мұғалімдері, кафедра оқытушылары және «Тарих-Дінтану», «Тарих» мамандығының 3 курс  студенттері қатысты. Олар бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы проблемалар  мен перспективаларын талқылады. Семинарды Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастырды.