Студенттер онлаин режимде білім алуға көшті

17.03.20

Вирусты инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті дистанционды оқыту жүйесіне көшті. Білім ордасында «Univer 2.0». ақпарттық оқыту порталы  жұмыс істейді.  Бұл бағдарлама оқытушылар мен білім алушыларды, бөлімшелер қызметін,  барлық  ақпараттық оқыту жүйесін бір орталыққа топтастырады. Әбір мұғалім мен студент   жеке web-парақшасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне  қосылу мүмкіндігіне ие. Университеттің оқытушы профессорлық құрамы бірлесе отырып, көктемгі оқу семестірне қажетті силлабус, лекция конспектілері,  тәжірибелік және семинар сабақтарына қатысты үй тапсырмалары, жеке жұмыс бойынша әдістемелер, бағалау-бақылау құралдары секілді  әдістемелік материалдарды порталға енгізді.   «Univer 2.0» арқылы сондай-ақ оқу процесіне қатысты  хабарландырулар, тест тапсырмалары, университетке әкелінген  жаңа әдебиеттер мен пәндік кітаптар туралы да мәліметтер жарияланады. Оқу процесі WhatsApp-чаттар мен   Zoom платформасы арқылы да жүргізіледі. Бұл желілер сабақты тікелей эфирде жүргізуге және тақырыпқа қатысты сауалдарды талқылауға мүмкіндік береді. Жалпы  университет бойынша көктемгі оқу семестріне 5 мың 461 студент үшін 450 пәндік дисциплина әзірленген.