Тарихы

Дене шынықтыру кафедрасы

Битабаров Ермек Әбдімәжитұлы –

кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

    «Дене шынықтыру» кафедрасы 2012 жылы «Спорт және әскери дайындық» факультетінің құрамында құрылды.

 2012-2014 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін ҚР еңбегі сіңген бапкер, ҚР құрметті спорт қайраткері, п.ғ.к., профессор М.Темірханов атқарды.

2014 жылдың кыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к. Е.А.Битабаров атқарады. Қазіргі уақытта «Дене шынықтыру» кафедрасы «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің құрылымдық бөлімі болып табылады. «Дене шынықтыру» кафедрасында жалпы 9 оқытушы-профессор қызмет атқарады. ОПҚ құрамы: 1-ғылым кандидаты,  1-аға оқытушы, 3-магистр-аға оқытушы, 4-магистр-оқытушы жұмыс жасайды. Кафедрада мамандық дайындалмайды.

Дене шынықтыру кафедрасының ұжымы

Дене шынықтыру кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «Дене тәрбиесі сабақтарында болашақ педагогикалық мамандықтар мұғалімдерін құнды сапалыққа тәрбиелеу» бағыты бойынша бойынша жүргізілуде, жетекшісі: п.ғ.к. Битабаров Е.А.

Кафедра оқытушылары спорттың әралуан түрлері бойынша спорттық атақтарға және жетістіктерге ие: Колесникова Н.В. ҚР кара-тэ бойынша спорт шебері, Садибекова Э.С. гимнастикадан КСРО спорт шебері, Балабаев Е.Ш. ҚР кара-тэ бойынша спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші. Кафедраның оқытушы-профессор құрамы университеттің 32 мамандығында 1,2,4 курс студенттеріне дене тәрбиесі сабақтарын жүргізеді. Университет аумағында 3071,5 шаршы метр алаңдағы спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Кафедра қажетті материалдық-техникалық базаға, дене тәрбиесінен практикалық сабақтар мен спорттық-көпшілік шараларды жүргізуге арналған спорттық құрал-жабдықтарға ие. 

Кафедра оқытушылары сабақтан тыс уақытта спорттың әралуан түрлері бойынша: мини футбол, үстел теннисі, тоғыз-құмалақ, шахмат, баскетбол, волейбол, кара-тэ спорт секцияларында жаттығуларды жүргізеді.

Дене шынықтыру кафедрасы университеттің спорт шеберлігін жетілдіру бөлімімен бірлесіп, жыл сайын ЖОО студенттері мен оқытушы-профессор құрамы, университет қызметкерлері арасында әралуан спорттық-көпшілік шараларын өткізіп тұрады.

 Кафедра оқытушылары ғылыми қызметпен белсенді шұғылданады. Жыл сайын кафедра оқытушы-профессор құрамы Қазақстан Республикасы және университеттің әралуан журналдарында ғылыми мақалалар әзірлейді және жариялайды, кафедра пәні бойынша әдістемелік құралдарды даярлап, баспадан шығарады.