Абайды тану-өзіңді тану

22.05.20

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы». Университетте осындай атаумен онлайн байқау өтті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай әзірленген видеороликтер алдын ала білім ордасының сайтына жіберілді. Осында сақталған шығармашылық жұмыстардың жеңімпазын  қазылар алқасы жабық жағдайда анықтады. Байқау шарты бойынша үміткерлер үш кезең бойынша іріктелді. Алғашқысында олар  өз өзін таныстырды, мұнан кейінгі «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»  сатысында   ақынның  бір өлеңін мәнерлеп оқыды және соңғы шарт бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа айтты. Қазылар үміткерлердің өлең оқу шеберлігіне, видеороликтің түсіру  идеясына (мысалы, Абайдың суреттері, музыкалық фон, сценарилік қойылым және т.б.),  айырықша мән берді. Байқауға әр факультеттен факультет деканының ұсынысы бойынша  2 үміткерден  қатысты.