Айтыс аламанының бас жүлдегері- Дәурен Ақсақалов.

04.11.15
Айтыс аламанының бас жүлдегері- Дәурен Ақсақалов.

Шымкент қаласында өткізілген жастар арасындағы  айтыстың бас жүлдесін институтымыздың оқытушысы Дәурен Ақсақалов еншіледі. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнап өткізілген сөз сайысын өткізуге облыс әкімдігінің білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болды. Елдің көкейіндегісін қозғап, оны өлеңмен өрнектеген  ақындар бұл жолы командалық құраммен сөз сайыстырды.  Олардың арсында жыр әлеміне имене еніп, балаң жүрекпен жыр құрап жүрген жастар  да бар. Салмақты ой, ұтымды әзілге құрылған жыр додасы жұртшылықтың талғамы мен талап биігінен көрінді. Ақындар береке басы болған елдегі бірлікті, ағайын іші тату тірлікті жырға қосты. Айтыстың аламанында оңтүстікқазақстандық айтыскерлер Жамбыл, Қызылорда  облыстары және Астана мен Алматы қаласының өнерпаздарымен сөз сайыстырды. Орамды ойларымен айтыстың көрігін қыздырып, көптің ішінен суырылып шыққан әріптесіміз Дәурен Ақсақаловты өнер додасындағы жеңісімен құттықтаймыз!