5В010900 - Математика

5В010900 –"Математика

5В010900 – Математика мамандығы бойынша білім бакалаврын

даярлауда  білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

  • отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, көп мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
  • кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
  • барлық деңгейдегі тұтынушыларға сапалы білім беру негізінде замануи педагогика саласындағы жалпымәдениетілік пен кәсіптік құзіреттілікті меңгерген, білім саласында саплы жұмыс атқаратын білікті кәсіби мамандарды дайындау болып табылады

5В010900 – Математика мамандығы бойынша білім-бакалаврының құзіреттеріне қойылатын талаптар

Түйінді құзыреттерге:

  • қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;
  • жүйелеуші: синэнергетикалық, әлеуметтік педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылмда ужәне жүйелеу біліктерімен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйеліойлауға қабілетті болу;
  • зерттеушілік: гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру ақпаратарды басқару дағдыларымен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингты жүзеге асыру педагогикалық рефлексияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетелдіруге ұмтылу;

 пәндік құзыреттерге:

  • коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болу, көп мәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болуы;
  • технологиялық: инноватика, педагогика технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен ойсыз салада іздену, бағалау, саралау және қолдану, біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығыни көрсете білу;
  • бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингты іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру, біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;

арнайы құзыреттерге:

  • бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;
  • пәнаралаық:  педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметттік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу;
  • әлеуметтік: адам құқықтары (білім беру мен баланы қорғау аясындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілері мен Қазақстан Респубиликасының заңнамалары) саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін біліктері мен дағдыларын, меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадір-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығын әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу;
  • дамытушы: замануи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғарғы кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгере білу, педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу;
  • креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психолгиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және алтернативті шешім таба білу, біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысыдан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;
  • ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларыгн (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын игеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болуы жатады.

5В010900 – Математика мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік       сипаттамасы

5В010900 – Математика мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

5В010900 – Математика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:

  • негізгі және бейіндік мектептер;
  • мамандандырылған мектептер;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

  5В010900 – Математика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің пәні:

  • құндылық-мақсаттық бағдары, мазмұны, әдістері, формалары мен нәтижелерінің бірлігіндегі білім беру процесі;
  • математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы инновациялық, ақпараттық-сараптама қызметі болып табылады.

5В010900 – Математика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:

  • білімдік;
  • ұйымдастыру-басқару;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелік;
  • оқу-технологиялық болып табылады.