5В010600 - Музыкалық білім

Музыкалық білім кафедрасында білім беру бағдарламасы ҚР БҒМ 28.07.2011 жылы берілген №0142692, №682 бұйрығы, сериясы АБ мемлекеттік лицензиясы негізінде іске асырылады.

 

5В010600-Музыкалық білім мамандығы, академиялық дәрежесі – музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры, біліктілігі: музыка мұғалімін даярлайды.

Оқу мерзімі:

орта біліммен -4 жыл (күндізгі)

орта біліммен -5 жыл (кешкі)

орта кәсіптік біліммен – 3 жыл (күндізгі, қысқартылған)

жоғары кәсіби біліммен – 2 жыл (қашықтықтан, жеделдетілген)

 

Музыкалық білім мамандығы бойынша бітірген түлекке музыкалық білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Осы мамандықты бітірген түлектер келесі қызметтерді атқара алады: музыка мұғалімі, сынып жетекшісі, музыкалық-көркемдік жұмыстарды ұйымдастырушы, музыкалық өнерді насихаттаушы.

 

5В010600-Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврлар келесі қызмет түрлерін атқара алады: жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназиялардағы музыка сабағын жүргізу, республикадағы саяси-қоғамдық және мәдени өмірі негізінде сыныптан тыс музыкалық-көркемдік шараларды ұйымдастырудың жоспарларын жүзеге асыру, түрлі типтік білім беретін мекемелердегі жас өспірімдер балалар арасында мәдени-ағарту, музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру, қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру, оқушылардың жас және жеке типологиялық ерекшелігіне сай педагогикалық эксперимент жүргізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық бақылауға алу.

 

Музыкалық білім кафедрасының міндеті, ол жоғарғы дәрежелі маман дайындау. Сондықтан болашақ музыкант-педагогтарға теориялық, вокалдық және түрлі музыкалық аспаптарды меңгеру үшін: музыкалық білім берудің әдістемесі, музыкалық психология, қазақ музыка фольклоры мен тарихы, әлем музыка тарихы, хорды дирижерлау, хормен жұмыс жасау практикумы, негізгі музыкалық аспап, аспаптық дайындық, вокал, косымша музыкалық аспап, фольклорлық музыкалық аспап, концертмейстерлік класс, оркестр класы пәндерінен дәріс өтіледі.