Подушкин Александр Николаевич

Подушкин Александр Николаевич

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Подушкин Александр Николаевич 1953 жылдың 19 наурызында Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Белобод қаласында дүниеге келген. 

1970-1975 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алған.

1975-1976 жылдар аралығында  Шымкент педагогикалық институты жалпы тарих кафедрасының ізденушісі; 1976-1977 жылдары  ғылыми коммунизм кабинетінің меңгерушісі; 1977-1979 жылдар аралығында әскери борышын өтеді; 1979-1986 жылдары КСРО тарихы кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарды.

1986-1987 жылдары М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.

1987 жылы кандидаттық, 2002 жылы докторлық диссертацияларын қорғап шықты.1990 жылы доцент ғылыми атағын иеленді.

1987-2002 жылдар аралығында КСРО тарихы кафедрасының аға оқытушысы,  Қазақстан тарихы және КСРО тарихы кафедрасының доценті болып еңбек етті.

2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді.

        Ұзақ жылғы жемісті еңбектері бағаланып Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет Грамотасымен», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

2011 жылы мектеп оқушыларына арналған «История мировых религий» атты оқулығы жарық көрді.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақсан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан және әлем тарихы кафедрасында профессор   қызметін атқаруда.