Молдахметова Жанар Ескендірқызы.Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Молдахметова Жанар Ескендірқызы 1969 жылдың 11 тамызында Шымкент қаласында дүниеге келген.1986 жылы М.Мәметова атындағы №35 орта мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектепте пионер вожатый болып еңбек еткен.
1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітірді.
1994-1997 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аспиранты болды.
1999 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институтына оқытушы қызметіне қабылданды.
2001 жылы «Динамика межэтнических процессов 20-30-х годов ХХ века в Казахстане» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.
2004-2006 жылдар аралығында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі; 2006 жылдан бастап кафедра доценті қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқаруда.